Автор: Нұрлан Жұмахан

Нұрлан Жұмахан, Ertenmedi.kz агенттігінің сарапшысы

Нұрлан Жұмахан Ertenmedia.kz үшін қоғам, саясат және медиа кеңістіктегі өзекті құбылыстарға авторлық көзқарасын білдіреді. Колумналарында оқиғаға баға беріп қана қоймай, оның астарындағы қоғамдық көңіл-күй мен саяси ишараны саралайды.

ertenmedia

Абай облысында күзгі жиын-терім науқаны жоспарға сай жүріп, дәнді және майлы дақылдардан 820,3 мың тонна өнім алу болжанып отыр. Облыс әкімі Берік Уәли егінді агротехникалық мерзімде жинап, шаруаларды жанармаймен уақтылы қамтуды және еңбек қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Күзгі науқан мен өндірістік жарақаттанудың алдын алу мәселесі облыс әкімінің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте қаралды. Оған облыстық басқармалар, өңірлік департаменттер мен жауапты мекемелердің жетекшілері қатысты. Аудан және қала әкімдері жиынға бейнережим арқылы қосылды. Биыл облыста 790,9 мың гектар алқаптың өнімі жиналуы керек. Оның 368,7 мың гектары майлы, 275,6 мың гектары дәнді, 11 мың гектары картоп пен көкөніс-бақша және 135,6…

Толық оқу
Никол Пашинян

Армения премьер-министрі Никол Пашинянға телінген жалған сөз Қазақстан мен Армения арасына сына қағуға бағытталған ақпараттық арандату болуы мүмкін. Белгілі журналист Бигелді Ғабдуллин әлеуметтік желідегі жазбасында даулы дәйексөздің түпнұсқа мәлімдемеде болмағанын атап өтті, – деп жазады Ertenmedia.kz. Интернетте Пашинянның «Мені Ресейге шақыратындай Қазақстан президенті емеспін» дегені туралы ақпарат тарады. Оған қоса Армения премьері жылына төрт рет референдум өткізетін «бай қазақтарды» сөз етті деген тағы бір тіркес қосылған. Ғабдуллиннің айтуынша, Пашинян мұндай пікір білдірмеген. Армения үкіметінің басшысы 3 қыркүйекте Ресеймен қарым-қатынас пен референдумға қатысты сұрақтарға жауап берген. Алайда оның сөзінде Қазақстан, қазақтар немесе Қазақстан президенті туралы ешқандай мәлімдеме болмаған. Журналистің пайымдауынша, қолдан…

Толық оқу
Байбек

Бауыржан Байбектің Астанадағы пәтерінен қымбат сағаттардың жоғалуына қатысты істе ұрланған бұйым саны мен шығын көлемі нақтыланып жатыр. Журналист Михаил Козачковтың жазуынша, полицияға бұрынғы әкімнің өзі емес, әйелі Жанар Байбек арызданған, – деп жазады Ertenmedia.kz. Козачков аталған оқиға жөніндегі алғашқы жазбасын өткен сенбіде жариялаған. Оның мәліметінше, Алматының бұрынғы әкімі әрі «Нұр Отан» партиясы төрағасының экс-орынбасары Бауыржан Байбектің елордадағы пәтерінен люкс санатындағы сағаттар жоғалған. Тергеу ұрлыққа Байбек көмекшісінің 31 жастағы жәрдемшісі қатысы болуы мүмкін деген нұсқаны тексеріп жатыр. Күдікті хронографтарды алып кетумен шектелмей, олардың орнына алдын ала сатып алынған көшірмелерін қалдырған деген болжам бар. Үй иелері айырмашылықты байқағаннан кейін құқық қорғау органдарына…

Толық оқу
Ertenmedia

Freedom SuperApp қосымшасындағы «Менің денсаулығым» бөлімі дәрігерге жазылу, дәрі іздеу және медициналық анықтама алу қызметтерін бір жерге біріктірген. Алайда кешбэк көрсетілгеніне қарамастан, дәрі бағасын өзге сервистермен салыстырып алған тиімді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Бөлімге кірген пайдаланушы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәртебесін, дәрігерге жазылған уақытын және денсаулығына қатысты негізгі көрсеткіштерді көре алады. Осы жерден дәрігер қабылдауына жазылып, қажетті препаратты немесе медициналық анықтаманы іздеуге болады. Бір қосымшадағы мұндай экожүйе күнделікті медициналық қызметтерге жұмсалатын уақытты қысқартады. Маман іздегенде қажетті санатты таңдап, рейтинг, қабылдау күні және орналасқан жері бойынша сүзгі қолдануға мүмкіндік бар. Дәрігердің жеке парақшасында еңбек өтілі, рейтингі, жұмыс істейтін клиникасы, қабылдау құны…

Толық оқу
ауыл мен қала

Қала мен ауылдың дамуы көбіне салынған нысан, жөнделген жол және игерілген қаражат арқылы бағаланады. Ұлттық аналитикалық орталық тұрғындардың күнделікті өмірдегі өзгерісті қалай сезінетінін анықтау үшін 2026 жылғы шілде-тамызда шағын зерттеу жүргізді, Нәтижесінде әр он тұрғынның сегізі қазіргі өмір сүру жағдайына көңілі толатынын айтты, – деп жазады Ertenmedia.kz. Ресми көрсеткіштер атқарылған жұмыстың ауқымын көрсеткенімен, халықтың нақты көңіл күйін толық ашпайды. Сондықтан сауалнамада әлеуметтік нысандардың санына ғана емес, өмір сүру ортасының сапасына қатысты субъективті бағаға да назар аударылған. Нәтижесінде елді мекендердің даму динамикасына тұрғындар негізінен оң көзқарас білдірген. Қатысушылардың басым бөлігі соңғы үш жылда қала мен ауылда оң өзгеріс болғанын атап өтті. Әр…

Толық оқу
8528547

Бельгияның Гент қаласында қазақ тілі мен әдебиетін ұлықтаған мәдени-ағартушылық кездесу өтті. Шетелде өсіп жатқан балаларды ана тілімен табыстырған іс-шара «Кітап оқитын ұлт» марафонының халықаралық аясын кеңейтті, – деп жазады Ertenmedia.kz. Қазақстан халқы тілдері күніне арналған басқосу «Qazaq Roots» қазақ мәдени орталығында Қазақстанның Бельгиядағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Кездесу Фландрия өңірінде тұратын отандастарымызды бір шаңырақ астына жинады. Олардың қатарында бельгиялық отбасылар асырап алған қазақ балалары мен Қазақстанның тіліне және мәдениетіне қызығатын жергілікті тұрғындар болды. Қатысушылар қазақ тіліндегі кітаптарды оқып, қазақстандық әдебиетпен жақынырақ танысты. Бағдарламаға викториналар мен интерактивті тілдік ойындар енгізілді. Осындай еркін формат ана тілін ресми сабақтың шеңберінен шығарып, балалардың күнделікті қарым-қатынас…

Толық оқу
машина жөндеу

Арзан көрінген қолданыстағы көлік кейін иесін қымбат жөндеуге байлап қоюы мүмкін. Америкалық механик Грег Деймон екінші нарықтан сатып алуға асықпау керек бес модельді атады, – деп жазады Ertenmedia.kz. GoBankingRates порталы жариялаған тізім маманның күнделікті тәжірибесіне сүйеніп жасалған. Деймон апта сайын автокөлік тексеріп, жөндейтінін және кей модельдердің иелеріне орасан шығын әкелгенін талай көргенін айтты. Оның пікірінше, сатып алу кезіндегі үнем кейін жөндеу шотымен еселеп қайтуы ықтимал. Тізімнің алғашқы орнына BMW X5 енгізілді. Механик қолданыстағы еуропалық премиум көліктердің кепілдік мерзімі аяқталғаннан кейінгі күтімі күрделі әрі қымбат болатынын ескертті. BMW X5 үлгісінде май ағуы, пневматикалық аспаның істен шығуы және электроникадағы ақаулар жиі аталатын…

Толық оқу
келісім

Пәтер мен автокөлік сатып алу кезінде сатушының сөзіне сеніп, құжаттарды толық тексермеу азаматты ірі қаржылық шығынға ұшыратуы мүмкін. Қазақстанның Ұлттық тұтынушылар лигасы республикалық қоғамдық бірлестігі президентінің орынбасары Василий Романовский қауіпсіз мәміленің негізгі ережелерін түсіндірді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Сарапшы төлем жасалғанға дейін сатушы ұсынған барлық құжатты мұқият тексеруге кеңес береді. Ауызша айтылған әрбір маңызды уәде шартта жазбаша көрсетілуге тиіс. Өйткені дау туындағанда жарнама немесе ауызша келісімнен гөрі қол қойылған құжат шешуші дәлелге айналады. Пәтер сатып алушы алдымен сатушының меншік құқығын растайтын құжаттарымен танысуы керек. Құжаттағы мекенжай, тұрғын үйдің көлемі мен жоспарлануы нақты нысанның сипаттамасына сәйкес келгені маңызды. Сонымен бірге жылжымайтын…

Толық оқу
ауа райы маусым

7 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз әрі ыстық ауа райы сақталады. Қызылордада күндіз ауа температурасы +36°C-қа дейін көтерілсе, Атырау, Ақтау және Оралда жаңбыр жауып, найзағай мен дауыл күтіледі, – деп жазады Ertenmedia.kz. Астанада көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды, оңтүстік-шығыстан соққан жел түнде 3-8 м/с, күндіз 5-10 м/с болады. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +28…+30°C шамасында болжанды. Көкшетауда жауын жаумайды, оңтүстіктен 4-9 м/с жел соғып, түнде +12…+14°C, күндіз +30…+32°C болады. Алматыда көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын күтілмейді, шығыстан соққан желдің жылдамдығы 3-8 м/с болады. Түнде ауа температурасы +12…+14°C, күндіз +27…+29°C-қа жетеді. Қонаевта да күн ашық әрі құрғақ болып, түнде +11…+13°C, күндіз +28…+30°C…

Толық оқу

Қазақстанның көші-қон саясаты тарихи Отанына оралған қандастарды қабылдаумен қатар, ел экономикасына қажет мамандар мен инвесторларды тартуға бағытталып келеді. Саясаттанушы Айдар Әміребаев жаңа бағытты демографиялық міндет пен адами капиталды дамытуды ұштастыратын стратегиялық қадам ретінде бағалады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері этникалық қазақтарды тарихи Отанына қайтару саясатын жүйелі жүргізді. Осы кезеңде елге шамамен 1,165 миллион адам көшіп келді. 2025 жылдың өзінде 16 805 адам қандас мәртебесін алды. Айдар Әміребаевтың пікірінше, қандастардың елге оралуы ұлттық тұтастықты қалпына келтірген маңызды тарихи үдеріс саналады. Ендігі кезеңде оның әлеуметтік және экономикалық нәтижесін арттыруға басымдық беру қажет. Сондықтан мемлекет қоныс аударушыларды еңбек күші тапшы…

Толық оқу