Автор: Нұрлан Жұмахан

Нұрлан Жұмахан, Ertenmedi.kz агенттігінің сарапшысы

Нұрлан Жұмахан Ertenmedia.kz үшін қоғам, саясат және медиа кеңістіктегі өзекті құбылыстарға авторлық көзқарасын білдіреді. Колумналарында оқиғаға баға беріп қана қоймай, оның астарындағы қоғамдық көңіл-күй мен саяси ишараны саралайды.

Сактаганов

Риддер қаласында 600 оқушыға арналған жаңа «Шаңырақ» мектеп-гимназиясы пайдалануға берілді. Мемлекеттік тілде білім беретін заманауи оқу ордасы «Казцинк» ЖШС-ның жеке қаражатына салынды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Мектептің салтанатты ашылу рәсіміне Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты. Ауқымды әлеуметтік жоба қаланың 5-шағынауданында жүзеге асырылды. Жаңа нысан Риддердің білім беру инфрақұрылымын кеңейтіп, оқушы орындарына деген сұранысты азайтуға мүмкіндік береді. Үш блоктан тұратын ғимараттың жалпы аумағы 10 мың шаршы метрден асады. Білім ордасы қауіпсіздік пен жайлылықтың заманауи талаптарына сай жобаланып, қажетті құрал-жабдықпен толық қамтылған. Оқу кеңістігін ұйымдастыру кезінде әр жастағы баланың білім алу және еркін қозғалу ерекшелігі ескерілген. Аймақ басшысы биыл Шығыс…

Толық оқу
камера бақылау

Қазақстанда 2027 жылы айлық есептік көрсеткішті 4 693 теңгеге дейін көтеру ұсынылды. АЕК-ке байланған жол қозғалысы ережесін бұзу айыппұлдары шамамен 8,5 пайызға қымбаттайды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Қазір айлық есептік көрсеткіш 4 325 теңгені құрайды. Келер жылға ұсынылған мөлшер одан 368 теңгеге жоғары. АЕК айыппұл, салық, алым және бірқатар әлеуметтік төлемді есептеу үшін қолданылады. Жол ережесіне қатысты жауапкершілік теңгемен тұрақты сома түрінде белгіленбейді. Әр құқық бұзушылыққа салынатын айыппұл Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте АЕК еселігімен көрсетілген. Сондықтан есептік көрсеткіш көтерілгенде заңдағы еселік өзгермесе де, төленетін ақша көбейеді. Жоба қазіргі күйінде қабылданса, негізгі айыппұлдар төмендегідей өзгереді: Құқық бұзушылық Айыппұл 2026 жыл…

Толық оқу
каржы финанс

Қазақстанда 2027 жылы ең төменгі зейнетақыны 5 870 теңгеге көтеру ұсынылды. Үкімет әзірлеген параметрлер бекітілсе, төлем көлемі қазіргі 69 049 теңгеден 74 919 теңгеге дейін өседі, – деп жазады Ertenmedia.kz. Ұсынылған өсім шамамен 8,5 пайызды құрайды. Жаңа көрсеткіш Қаржы министрлігі «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» порталында жариялаған 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасына енгізілген. Құжаттағы есептік және әлеуметтік көрсеткіштер 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылуға тиіс. 74 919 теңге барлық қазақстандық зейнеткер алатын бірыңғай төлем көлемі саналмайды. Сома ең төменгі зейнетақының мемлекет белгілейтін төменгі шегін көрсетеді. Әр адамның нақты төлемі еңбек өтіліне, бұрынғы табысына, зейнетақы жүйесіне қатысу кезеңіне және тағайындалған төлем түріне…

Толық оқу
ауа райы

1 қыркүйекте Қазақстанның солтүстігі мен орталығында күн салқындап, кей өңірде жаңбыр, найзағай және топырақ бетінде үсік күтіледі. Елдің батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз, салыстырмалы түрде жылы ауа райы сақталады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Астанада күн құбылмалы болып, жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +2…+4, күндіз +12…+14 градус болады, топырақ бетінде 1 градус үсік жүруі ықтимал. «Қазгидромет» болжамы елордадағы салқын ауа райының бірнеше күн сақталатынын көрсетеді. Алматыда күн бұлтты болып, мезгіл-мезгіл жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, кей сәтте екпіні 15 метрге жетеді. Түнде +15…+17, күндіз +21…+23…

Толық оқу
Бостандық ауданы

Бостандық ауданында келесі жылға арналған «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасына өтінім қабылдау тамыз айының соңында басталып, қыркүйектің ортасына дейін жалғасады. Тұрғындар аула, көше және қоғамдық кеңістікті жаңартуға бағытталған жобаларын ұсынып, аудан бюджетінің қайда жұмсалатынына тікелей ықпал ете алады, – деп жазады Ertenmedia.kz. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының жүзеге асырылып келе жатқанына биыл алты жыл толды. Оның ережесі 2019 жылы бекітіліп, 2020 жылдан бастап нақты іске қосылды. Содан бері алматылықтар өз ауласын, көшесін және қоғамдық кеңістікті абаттандыруға қатысты бастама көтеріп, үздік жобаларды дауыс беру арқылы анықтап келеді. Бағдарламаның басты ерекшелігі тұрғындарға қай мәселені бірінші кезекте шешу керегін өздері ұсынуға мүмкіндік береді. Өтінімдер budget.open-almaty.kz…

Толық оқу

Қазақстанда шұғыл ауруханаға түскен азаматтың жақындарына автоматты түрде хабар беретін цифрлық сервис іске қосылды. Жаңа қызмет eGov.kz порталы мен eGov Mobile қосымшасында қолжетімді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Сервис жол апатына ұшыраған, кенеттен сырқаттанған немесе ауруханаға жеткізілген адамның туыстарымен байланысуына мүмкіндік береді. Әсіресе пациент өз бетімен қоңырау шала алмайтын жағдайда жаңа функцияның көмегі зор. Әр азамат өзіне сенетін үш адамға дейін арнайы байланыс тұлғасы ретінде тіркей алады. Қызметті қосу үшін eGov.kz порталына авторизациядан өту қажет. Одан кейін «Ауруханаға жатқызылған жағдайда хабарлау үшін сенімді байланыстарды тіркеу» қызметі таңдалып, сенімді адамның жеке сәйкестендіру нөмірі енгізіледі. Тіркелетін азамат 18 жастан асқан және мобильді азаматтар…

Толық оқу
вокзал

Өскемен қаласында Өскемен-1 станциясының толық жаңартылған теміржол вокзалы пайдалануға берілді. Салтанатты ашылуға «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығы қатысты, – деп жазады Ertenmedia.kz. Өскемен-1 вокзалының бұрынғы ғимараты 1938 жылы салынған. Техникалық тексеру қорытындысында ескі нысанды толық бұзып, орнына заман талабына сай жаңа ғимарат тұрғызу жөнінде шешім қабылданды. Реконструкция нәтижесінде вокзалдың жалпы аумағы екі еседен астам ұлғайып, 858 шаршы метрден 1,8 мың шаршы метрге жетті. Жаңа вокзал жолаушылар ағынын тиімді ұйымдастыру, қауіпсіздікті күшейту және қызмет көрсету сапасын арттыру талаптарына сай жобаланған. Инженерлік коммуникациялар толық жаңартылып, перрон реконструкциядан өтті.…

Толық оқу
Ормуз бұғазы

Ормуз бұғазының оңтүстік бөлігіндегі «рұқсат етілмеген бағытпен» өтпек болған супертанкер екі теңіз минасына соғылып, өртенді. Кеменің қай елге тиесілі екені және экипаж мүшелерінің жағдайы әзірге белгісіз, – деп жазады Ertenmedia.kz. Оқиға туралы Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының Әскери-теңіз күштері хабарлады. Ведомство мәліметінше, алып танкер бұғаздың оңтүстік дәлізімен қозғалған. Екі минаға соғылған соң кемеде алапат өрт басталып, танкер толық тоқтаған. Иран тарапы супертанкердің атауын, жалауын және иесі саналатын компанияны жарияламады. Борттағы экипаж саны мен теңізшілердің ахуалы жөнінде де ресми мәлімет берілген жоқ. Әзірге Тегеранның мәлімдемесін тәуелсіз дереккөздер толық растаған жоқ. Tasnim агенттігі де оқиғаны Иран әскери ведомствосының ақпаратына сүйеніп таратты. Ислам…

Толық оқу
Geely

Geely ұзындығы бес метрге жуық Monjaro Plus флагмандық кроссоверінің алғашқы ресми кескіндерін жариялады. 290 ат күшіне ие қозғалтқыш, пневматикалық аспа, LiDAR және бұрылатын артқы дөңгелектер алған көліктің толық таныстырылымы Қытайда 5 қыркүйекте өтеді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Қытай нарығында модель Xingyue L Plus атауымен сатылады. Ел аумағынан тыс жерде кроссовер Monjaro Plus деген атпен ұсынылмақ. Әзірге компания жаңа көліктің табиғи ортада түсірілген фотосын көрсеткен жоқ. Geely дизайн орталығы жариялаған кескіндер Midjourney нейрожелісінің көмегімен жасалған. Сондықтан кроссовердің сыртқы келбеті мен шанақ бөлшектерін толық бағалау үшін ресми таныстырылымды күтуге тура келеді. Цифрлық кескіндерде Monjaro Plus қою қызыл түске боялған. Беж түсті шатыры…

Толық оқу

Қазақстан азаматтары жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін ауылдық жерден 25 сотыққа дейін жер телімін тегін алуға құқылы. Суармалы жер үшін тегін берілетін аумақ 15 сотықпен шектеледі, ал өтініш берушінің сол елді мекенде тіркелуі міндетті талап саналмайды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жер кодексіне сәйкес, азаматтарға жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін ауылдық жерде суарылмайтын жерден 0,25 гектар, яғни 25 сотыққа дейін жер тегін берілуі мүмкін. Ал суармалы аумақта бұл мөлшер 0,15 гектар немесе 15 сотықты құрайды. Мұндай жер телімдері үй маңындағы және егістік үлестерін қамтитын жеке қосалқы шаруашылық жүргізуге арналған. Ауыл шаруашылығы министрлігінің түсіндіруінше, жеке қосалқы шаруашылық азаматтың өз қажеттілігін қамтамасыз етуге…

Толық оқу