Автор: Нұрлан Жұмахан

Нұрлан Жұмахан, Ertenmedi.kz агенттігінің сарапшысы

Нұрлан Жұмахан Ertenmedia.kz үшін қоғам, саясат және медиа кеңістіктегі өзекті құбылыстарға авторлық көзқарасын білдіреді. Колумналарында оқиғаға баға беріп қана қоймай, оның астарындағы қоғамдық көңіл-күй мен саяси ишараны саралайды.

"Ақ жол" партиясы

«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Дания Еспаева Құрылтай депутаттығына кандидаттармен бірге Қарағанды облысындағы жұмыс сапарын бастады. Алғашқы кездесу «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Seven Refractories Asia» ЖШС кәсіпорнында өтті. Онда отандық өндірісті дамыту, жұмыс орындарын көбейту және өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері талқыланды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Металлургия саласына арналған отқа төзімді материалдар шығаратын «Seven Refractories Asia» өңірдегі заманауи өнеркәсіп орындарының бірі саналады. Сапар барысында партия өкілдері кәсіпорынның жұмысымен танысып, өндіріс алаңындағы еңбек ұжымымен кездесті. Қалыптасқан дәстүр бойынша Дания Еспаеваны кәсіпорын өкілдері гүл шоғымен қарсы алды. Жиында «Ақ жолдың» сайлауалды бағдарламасындағы экономикалық бағыттарға басымдық берілді. Партия өкілдері отандық өндірісті кеңейту,…

Толық оқу
Нариман

Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданындағы Сұлукөл ауылында «Жер ырысы — 2026» агрофестивалі басталды. Екі күндік шарада шаруалар аграрлық технологиялармен танысып, отандық және шетелдік мамандардан кеңес алады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Биыл бесінші рет ұйымдастырылған фестивальға Қазақстаннан және алыс-жақын шетелден 40-тан астам компания қатысуда. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жаңа техника, өсімдік қорғау құралдары, ветеринариялық препараттар мен өнімділікті арттыруға арналған технологиялар таныстырылады. Фестиваль алаңында шаруалар ғылым мен өндірістегі соңғы жаңалықтарды көріп, тәжірибелі сарапшыларға тікелей сауал қоя алады. Мамандар мал ауруларының алдын алу, егісті зиянкестерден қорғау, топырақ құнарын сақтау және өндіріс шығынын азайту жолдарын түсіндіреді. Батыс Қазақстан облысы елдегі ірі аграрлық өңірлердің бірі…

Толық оқу
Freedom Finance Global

Freedom Finance Global жаңа қаржы жылын клиенттік белсенділік пен кірістің қарқынды өсуімен бастады. Алайда операциялық ауқым кеңейген сайын шығын көбейіп, таза пайда былтырғы деңгейден төмен түсті, – деп жазады Ertenmedia.kz. Компания 2027 қаржы жылының I-тоқсанында, яғни 2026 жылғы 1 сәуір-30 маусым аралығында 19,6 мыңнан астам жаңа брокерлік шот ашты. Клиенттер бағалы қағаздармен 8,4 млн-нан астам мәміле жасаған. Қолданыстағы клиенттік шоттардың жалпы саны 333,4 мыңнан асты. Есепті кезеңдегі жиынтық кіріс 227,90 млн долларға жетті. Бір жыл бұрын көрсеткіш 136,06 млн доллар болған. Жылдық өсім 67,5%-ды құрап, брокерлік бизнестегі айналым мен клиент белсенділігінің едәуір артқанын көрсетті. Кіріс рекордтық қарқынмен ұлғайғанымен, таза пайда…

Толық оқу

Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі еңбек нарығының нақты сұранысқа ие маман дайындау маңызды. Сұранысы төмен бағдарламалар қысқарып, цифрландыру, жасанды интеллект, роботтандыру және өндірістік жобаларға қажет жаңа мамандықтар енгізіледі, – деп жазады Ertenmedia.kz. Премьер-министрдің орынбасары — мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесін дамыту мәселелері талқыланды. Кеңеске мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Негізгі назар экономиканы білікті жұмысшы кадрлармен қамтамасыз етуге аударылды. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова саланы дамытудың негізгі бағыттарын таныстырды. Оның айтуынша, соңғы үш оқу жылында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне көрсетілетін мемлекеттік қолдау едәуір күшейген. Мемлекеттік білім беру…

Толық оқу
"Әділет" партиясы

«Әділет» партиясының Республикалық сайлауалды штабы Қарағанды облысында өнеркәсіпті дамытуға арналған бағдарламалық ұсыныстарын таныстырды. Qarmet металлургия комбинатында өткен кездесуде өндірістік қауіпсіздік, кәсіпорындарды жаңғырту, кадр даярлау, еңбекақы және индустриялық қалалардың келешегі талқыланды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Партия төрағасы Айбек Дәдебай бастаған штаб мүшелері Qarmet АҚ металлургия комбинатының еңбек ұжымымен кездесті. Жиын барысында кәсіпорын қызметкерлері өндірістегі қауіпсіздік, еңбек жағдайы мен жұмысшыларды әлеуметтік қорғауға қатысты сауалдарын қойды. Qarmet АҚ Болат департаментінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі директоры Бауыржан Әлжанов өндірістегі жарақат мәселесіне назар аударды. Оның айтуынша, елімізде жыл сайын мыңдаған қызметкер жұмыс орнында жарақат алады. Ол партия өкілдерінен өндірістік жарақатты азайту үшін қандай…

Толық оқу
ипотека в Казахстане

Алматыда жақын уақытта 1 971 отбасы жалға берілетін тұрғын үйге қол жеткізеді. Сонымен қатар «Алматы жастары» бағдарламасына өтініш берген 3 968 жас маманның құжаты мақұлданды, – деп жазады Ertenmedia.kz. «Отбасы банк» АҚ Алматы қалалық филиалы директорының орынбасары Кәмшат Оңалбаеваның айтуынша, мемлекеттік тұрғын үйді бөлу жүйесі толық цифрлық форматқа көшірілген. Ұлттық даму институты мәртебесін алған банк ел бойынша тұрғын үй кезегін біріктіріп, азаматтардың мәліметін түгендеген. Баспана бөлу үшін «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» ақпараттық жүйесі іске қосылды. Пәтерлер енді кезекке қойылған күн мен азаматтың басымдық санатына қарай автоматты түрде ұсынылады. Мұндай тәсіл шешім қабылдау кезінде адам факторының ықпалын азайтып, тұрғын үй…

Толық оқу
"Ақ жол" партиясы

«Ақ жол» партиясының төраймы Дания Еспаева сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында Ақтөбедегі Halyk Bank филиалында жергілікті кәсіпкерлермен және банк ұжымымен кездесті. Жиында бизнеске арналған қаржыландыру тетіктері, инвестициялық белсенділік, салық саясаты және өңір экономикасындағы қаржы секторының рөлі талқыланды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Кездесу барысында партия төрағасы «Ақ жолдың» кәсіпкерлікті дамыту мен нарықтық экономиканы күшейтуге бағытталған сайлауалды ұсыныстарын таныстырды. Негізгі назар қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру, жеке бастаманы қолдау және бизнестің қаржы ресурстарына қолжетімділігін кеңейту мәселелеріне аударылды. Дания Еспаева кәсіпкерлер үшін жеңілдетілген қаржыландыру құралдарын көбейту қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, шағын және орта бизнестің өндірісті кеңейтуі, жаңа жұмыс орындарын ашуы және технологиялық жаңғыруы…

Толық оқу

Сеутадағы миграциялық дағдарыс Италия мен Испания арасындағы дипломатиялық текетіреске ұласты. Рим Мадридке қатысты Шенген тәртібін тоқтатуды талап етсе, Испания мұны серіктес елге жараспайтын саяси демагогия деп бағалады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Испанияның Солтүстік Африка жағалауындағы Сеута анклавына қысқа мерзімде мыңдаған мигрант өткен. Адамдардың бір бөлігі шекара қоршауын айналып өтіп, испан аумағына теңіз арқылы жүзуге әрекеттенген. Тосын ағын шағын қаланың қабылдау жүйесін бірнеше күн ішінде тұралатып тастады. Дағдарыстан кейін Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Испанияға қатысты Шенген режимін тоқтатуға шақырды. Оның ұстанымын вице-премьер Маттео Сальвини мен Сыртқы істер министрі Антонио Таяни қолдады. Италия тарапы бақылаусыз көші-қонды ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер деп атады.…

Толық оқу
имплант

Жасқа байланысты макулалық дегенерациядан орталық көру қабілетін жоғалтқан адамдарға арналған PRIMA электронды импланты Еуропада коммерциялық қолданысқа шығарылды. Тор қабығының астына орнатылатын шағын чип пен арнайы көзілдіріктен құралған жүйе әріп, сан және сөздерді қайта көруге мүмкіндік береді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Бұған дейін клиникалық сынақ сатысында болған PRIMA жүйесі Еуропалық одақтың медициналық бұйымдарға қойылатын талаптарына сәйкес CE таңбасын алды. Сертификат құрылғыны Еуропаның 30 елінде коммерциялық айналымға шығаруға жол ашады. Алғашқы коммерциялық имплант Германияда орнатылады деп жоспарланған. PRIMA толық табиғи көру қабілетін қайтармайды. Жүйе адамның тура алдында тұрған нысандарды, ұсақ бөлшектерді, әріптер мен сандарды ажыратуға қажетті функционалдық орталық көруді қалпына келтіруге арналған.…

Толық оқу
правадан айрылды көлік жүргізу

Қазақстанда 62 млн теңгеден астам берешегін ұзақ уақыт өтемеген азаматтың жүргізуші куәлігінің қолданылуы уақытша тоқтатылды. Кассациялық сот төменгі сот сатыларының шешімін заңды деп танып, борышкердің шағымын қанағаттандырмады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Іс жеке сот орындаушысының ұсынысы негізінде қаралған. Сот борышкерге көлік жүргізуге ғана емес, жүргізуші куәлігінің өзге санаттарын алуға да уақытша тыйым салған. Азамат аталған шектеудің күшін жоюды сұрап, кассациялық шағым түсірді. Борышкер көлік жүргізу негізгі табыс көзі екенін алға тартқан. Алайда сотқа еңбек шарты, табыс туралы анықтама немесе жүргізушілік қызметпен айналысатынын растайтын өзге құжат ұсынбаған. Сот шешімін ұзақ уақыт орындамауына кедергі болған дәлелді себеп те анықталмады. Жеке сот орындаушысы…

Толық оқу