Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі еңбек нарығының нақты сұранысқа ие маман дайындау маңызды. Сұранысы төмен бағдарламалар қысқарып, цифрландыру, жасанды интеллект, роботтандыру және өндірістік жобаларға қажет жаңа мамандықтар енгізіледі, – деп жазады Ertenmedia.kz. Премьер-министрдің орынбасары — мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесін дамыту мәселелері талқыланды. Кеңеске мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Негізгі назар экономиканы білікті жұмысшы кадрлармен қамтамасыз етуге аударылды. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова саланы дамытудың негізгі бағыттарын таныстырды. Оның айтуынша, соңғы үш оқу жылында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне көрсетілетін мемлекеттік қолдау едәуір күшейген. Мемлекеттік білім беру…
Автор: Нұрлан Жұмахан
«Әділет» партиясының Республикалық сайлауалды штабы Қарағанды облысында өнеркәсіпті дамытуға арналған бағдарламалық ұсыныстарын таныстырды. Qarmet металлургия комбинатында өткен кездесуде өндірістік қауіпсіздік, кәсіпорындарды жаңғырту, кадр даярлау, еңбекақы және индустриялық қалалардың келешегі талқыланды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Партия төрағасы Айбек Дәдебай бастаған штаб мүшелері Qarmet АҚ металлургия комбинатының еңбек ұжымымен кездесті. Жиын барысында кәсіпорын қызметкерлері өндірістегі қауіпсіздік, еңбек жағдайы мен жұмысшыларды әлеуметтік қорғауға қатысты сауалдарын қойды. Qarmet АҚ Болат департаментінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі директоры Бауыржан Әлжанов өндірістегі жарақат мәселесіне назар аударды. Оның айтуынша, елімізде жыл сайын мыңдаған қызметкер жұмыс орнында жарақат алады. Ол партия өкілдерінен өндірістік жарақатты азайту үшін қандай…
Алматыда жақын уақытта 1 971 отбасы жалға берілетін тұрғын үйге қол жеткізеді. Сонымен қатар «Алматы жастары» бағдарламасына өтініш берген 3 968 жас маманның құжаты мақұлданды, – деп жазады Ertenmedia.kz. «Отбасы банк» АҚ Алматы қалалық филиалы директорының орынбасары Кәмшат Оңалбаеваның айтуынша, мемлекеттік тұрғын үйді бөлу жүйесі толық цифрлық форматқа көшірілген. Ұлттық даму институты мәртебесін алған банк ел бойынша тұрғын үй кезегін біріктіріп, азаматтардың мәліметін түгендеген. Баспана бөлу үшін «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» ақпараттық жүйесі іске қосылды. Пәтерлер енді кезекке қойылған күн мен азаматтың басымдық санатына қарай автоматты түрде ұсынылады. Мұндай тәсіл шешім қабылдау кезінде адам факторының ықпалын азайтып, тұрғын үй…
«Ақ жол» партиясының төраймы Дания Еспаева сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында Ақтөбедегі Halyk Bank филиалында жергілікті кәсіпкерлермен және банк ұжымымен кездесті. Жиында бизнеске арналған қаржыландыру тетіктері, инвестициялық белсенділік, салық саясаты және өңір экономикасындағы қаржы секторының рөлі талқыланды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Кездесу барысында партия төрағасы «Ақ жолдың» кәсіпкерлікті дамыту мен нарықтық экономиканы күшейтуге бағытталған сайлауалды ұсыныстарын таныстырды. Негізгі назар қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру, жеке бастаманы қолдау және бизнестің қаржы ресурстарына қолжетімділігін кеңейту мәселелеріне аударылды. Дания Еспаева кәсіпкерлер үшін жеңілдетілген қаржыландыру құралдарын көбейту қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, шағын және орта бизнестің өндірісті кеңейтуі, жаңа жұмыс орындарын ашуы және технологиялық жаңғыруы…
Сеутадағы миграциялық дағдарыс Италия мен Испания арасындағы дипломатиялық текетіреске ұласты. Рим Мадридке қатысты Шенген тәртібін тоқтатуды талап етсе, Испания мұны серіктес елге жараспайтын саяси демагогия деп бағалады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Испанияның Солтүстік Африка жағалауындағы Сеута анклавына қысқа мерзімде мыңдаған мигрант өткен. Адамдардың бір бөлігі шекара қоршауын айналып өтіп, испан аумағына теңіз арқылы жүзуге әрекеттенген. Тосын ағын шағын қаланың қабылдау жүйесін бірнеше күн ішінде тұралатып тастады. Дағдарыстан кейін Италия премьер-министрі Джорджа Мелони Испанияға қатысты Шенген режимін тоқтатуға шақырды. Оның ұстанымын вице-премьер Маттео Сальвини мен Сыртқы істер министрі Антонио Таяни қолдады. Италия тарапы бақылаусыз көші-қонды ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер деп атады.…
Жасқа байланысты макулалық дегенерациядан орталық көру қабілетін жоғалтқан адамдарға арналған PRIMA электронды импланты Еуропада коммерциялық қолданысқа шығарылды. Тор қабығының астына орнатылатын шағын чип пен арнайы көзілдіріктен құралған жүйе әріп, сан және сөздерді қайта көруге мүмкіндік береді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Бұған дейін клиникалық сынақ сатысында болған PRIMA жүйесі Еуропалық одақтың медициналық бұйымдарға қойылатын талаптарына сәйкес CE таңбасын алды. Сертификат құрылғыны Еуропаның 30 елінде коммерциялық айналымға шығаруға жол ашады. Алғашқы коммерциялық имплант Германияда орнатылады деп жоспарланған. PRIMA толық табиғи көру қабілетін қайтармайды. Жүйе адамның тура алдында тұрған нысандарды, ұсақ бөлшектерді, әріптер мен сандарды ажыратуға қажетті функционалдық орталық көруді қалпына келтіруге арналған.…
Қазақстанда 62 млн теңгеден астам берешегін ұзақ уақыт өтемеген азаматтың жүргізуші куәлігінің қолданылуы уақытша тоқтатылды. Кассациялық сот төменгі сот сатыларының шешімін заңды деп танып, борышкердің шағымын қанағаттандырмады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Іс жеке сот орындаушысының ұсынысы негізінде қаралған. Сот борышкерге көлік жүргізуге ғана емес, жүргізуші куәлігінің өзге санаттарын алуға да уақытша тыйым салған. Азамат аталған шектеудің күшін жоюды сұрап, кассациялық шағым түсірді. Борышкер көлік жүргізу негізгі табыс көзі екенін алға тартқан. Алайда сотқа еңбек шарты, табыс туралы анықтама немесе жүргізушілік қызметпен айналысатынын растайтын өзге құжат ұсынбаған. Сот шешімін ұзақ уақыт орындамауына кедергі болған дәлелді себеп те анықталмады. Жеке сот орындаушысы…
Еуразиялық интеграция институтының зерттеуіне қатысқан азаматтардың 72,1%-ы Құрылтай сайлауы алдағы жексенбіде өтсе, дауыс беруге баратынын айтқан. Сауалнама партиялар арасындағы қолдау деңгейі мен қоғамдағы электоралдық көңіл күйдің қазіргі көрінісін ұсынды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Сайлау азаматтардың ел ісіне араласуы мен саяси белсенділігін көрсететін негізгі тетіктің бірі саналады. Еуразиялық интеграция институты зерттеуді 2026 жылғы 3-13 шілде аралығында Қазақстанның 17 облысында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жүргізді. Бетпе-бет сауалнамаға барлығы 1640 адам қатысты. Респонденттерге Құрылтай сайлауы алдағы жексенбіде өтсе, дауыс беруге баратын-бармайтыны туралы сұрақ қойылды. Қатысушылардың 72,1%-ы сайлау учаскесіне баруға дайын екенін білдірді. Сауалнамаға қатысқандардың 14,2%-ы дауыс бермейтінін айтса, 13,7%-ы нақты шешімге…
Қазақстанда жаңа тұрғын үйдің бағасы бір жылда 14 пайыз өсті. Құрылыс саласындағы қымбаттауды материал, жер, жұмыс күші мен логистика шығынымен түсіндірсе, сарапшылар кейбір компаниялар нарықтағы ахуалды пайдаланып, бағаны негізсіз көтеруі мүмкін екенін айтады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, 2026 жылғы маусымда жаңа баспананың шаршы метрі былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда едәуір қымбаттаған. Кей өңірде баға өсімі республикалық көрсеткіштен де жоғары. Саланың шығыны бір ғана себептен емес, бірнеше фактордың қабаттасуынан артып отыр. Құрылысқа арналған жер телімінің құны, жұмысшылардың еңбекақысы және материалды нысанға жеткізу шығыны көбейді. Дегенмен құрылыс нарығына ең ауыр салмақ түсірген фактор ретінде цемент бағасы аталып отыр.…
2026 жылғы қыркүйектен бастап қазақстандықтар міндетті және кәсіптік зейнетақы жарналарынан жиналған қаражатының 100 пайызына дейін жеке инвестициялық компаниялардың басқаруына бере алады. Жаңа тәртіп салымшыға инвестициялық стратегияны өзі таңдауға жол ашқанымен, табыстылықпен бірге тәуекел үшін де жауапкершілігін арттырады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Қазір азаматтар міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік жарналардан қалыптасқан жинақтың 50 пайызына дейін жеке басқарушыға аудара алады. Ерікті жарна толығымен беріледі. Қыркүйекте күшіне енетін өзгерістен кейін аталған шектеу алынып, міндетті жинақты да толық көлемде сенімгерлік басқаруға тапсыруға мүмкіндік туады. Салымшы қаражатын Ұлттық банктің басқаруында қалдыра алады немесе бір және бірнеше инвестициялық портфельді басқарушыны таңдайды. Компаниялар ұсынатын стратегиялар тәуекел…










