Қазақстанда банктер мен өзге қаржы ұйымдарын бақылаудың жаңа тәртібі енгізіледі. Реттеуші енді заң талаптарының формалды орындалуын ғана емес, ұсынылған өнімнің клиентке нақты зиян келтірмейтінін де бағалайды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басқармасы тиісті ережелер топтамасын 27 шілдеде мақұлдады. Жаңа модель банктерге, микроқаржы және сақтандыру ұйымдарына, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығының жекелеген қатысушыларына қолданылады. Қаржы өнімі әзірленген сәттен бастап сатылымнан алынғанға дейін бақылауда болады. Бұған дейін реттеуші қаржы ұйымының заң мен нормативті сақтағанына көбірек назар аударатын. Енді кредит, сақтандыру немесе инвестициялық өнімнің кімге арналғаны, бағасы қаншалықты әділ екені және қандай қауіп төндіретіні тексеріледі. Клиентке пайдасынан гөрі шығыны…
Автор: Нұрлан Жұмахан
Қазақстанда балмұздақ өндірісі қарқын алып, сыртқы нарыққа жөнелтілетін өнім көлемі импорттан едәуір асып түсті. 2026 жылдың алғашқы бес айында ел кәсіпорындары 35,1 мың тонна балмұздақ шығарды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Өндіріс көлемі былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 47,4 пайыз артқан. Нарықтағы өсімге ішкі сұраныспен қатар, қазақстандық өнімнің көрші мемлекеттердегі танымалдығы ықпал етіп отыр. Отандық кәсіпорындар дәстүрлі пломбир мен кілегейлі балмұздақтан бөлек, экспортқа бейімделген жаңа өнім түрлерін шығара бастады. Саланың негізгі өндірістік орталығы Алматы облысында шоғырланған. Мұнда елдегі балмұздақтың үштен екісіне жуығы өндіріледі. Өңір кәсіпорындары алғашқы бес айда 23,3 мың тонна өнім шығарып, жалпы көлемнің 66,3 пайызын қамтамасыз етті. Қазақстандағы ең ірі…
Қазақстандықтардың зейнетақы активі 2026 жылғы 1 шілдеде 28,08 трлн теңгеге жетті. Қаражаттың басым бөлігі мемлекеттік бағалы қағазға, халықаралық индекстерге және облигацияларға салынып, кейінгі 12 айда 2,51 трлн теңге инвестициялық кіріс әкелді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Ұлттық банктің басқаруында міндетті, кәсіби және ерікті жарнадан жиналған 26,79 трлн теңге бар. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасынан құралған актив 1,17 трлн теңгені құрады. Жеке инвестициялық басқарушыларға 121,84 млрд теңге берілген, яғни олардың үлесі жалпы активтің жарты пайызына да жетпейді. Ұлттық банк басқаратын портфельдің ең ірі бөлігі Қазақстан Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағазына тиесілі. Оған активтің 43,32 пайызы салынған. Квазимемлекеттік компаниялардың облигациясына 7,87 пайыз, Ұлттық…
Қырғызстан Балықшы мен Кочкорды жалғайтын 63,4 шақырымдық жаңа теміржолды өз күшімен салып шықты. Шетелдік компаниялар ұсынған бағадан бірнеше есе арзанға түскен жоба мемлекеттік қаражатты ұқыпты жұмсаудың жарқын үлгісіне айналды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа бағыттың ашылуына Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қатысып, жол бойымен алғашқы сапарлардың бірін жасады. Балықшы – Кочкор учаскесі болашақта Қара-Кече мен Макмалды жалғайтын ірі теміржол желісінің алғашқы кезеңі саналады. Садыр Жапаровтың айтуынша, шетелдік компаниялар құрылыстың бір шақырымын 4,8-6,8 млн долларға бағалаған. Қырғызстан жұмысты ұлттық мамандар мен «Қырғыз темір жолу» кәсіпорнының мүмкіндігіне сүйеніп жүргізіп, теміржол төсемінің әр шақырымын 955 мың долларға салған. Қарапайым есеппен 63,4 шақырымдық жол төсеміне…
28 шілдеде Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде аптап күшейіп, Атырауда ауа температурасы 42 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстік, шығыс және елордада жаңбыр, найзағай мен екпінді жел күтіледі, – деп жазады Ertenmedia.kz. Астанада күн бұлтты болып, жаңбыр жауады және найзағай ойнайды, жел екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Түнде ауа температурасы 17–19, күндіз 28–30 градус жылы болады. Алматыда жауын-шашын күтілмейді, ауа күндіз 30–32 градусқа дейін ысиды. Шымкентте күн ашық болып, температура 37–39 градусқа дейін көтеріледі, жел екпіні секундына 20 метрге жетуі мүмкін. Ақтауда да жауын жаумай, күндіз 37–39 градус аптап болады. Түнгі температура Шымкентте 22–24, Ақтауда 25–27 градус шамасында қалыптасады. Ең жоғары температура…
Алматының Түрксіб ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында тағы бір қоғамдық кеңістік пайдалануға берілді. Жахангер көшесіндегі №14 үйдің ауласын кешенді абаттандыруға 63 млн теңге жұмсалды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңарған нысан Түрксіб ауданы әкімдігі мен Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз туры барысында таныстырылды. Абаттандыру кезінде аумақ тегістеліп, сыртқы жарықтандыру жүйесі орнатылды. Тас және асфальтбетон жабыны төселіп, орындықтар, қоқыс жәшіктері мен пергола қойылды. Үстел теннисіне арналған жаңа үстел орнатылып, алаң қоршаумен жабдықталды. Қураған және шіріген жасыл желек те тазартылды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұрын бос жатқан аула қазір балалар, жастар және егде жастағы адамдар жиналатын жайлы орынға айналған. – Кешкі…
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Омбыда өткен Қазақстан мен Ресейдің XXII өңіраралық ынтымақтастық форумында өңірдің экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды. Жиынға Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин қатысып, екі ел арасындағы көлік-логистика және өңіраралық байланысты кеңейту мәселелерін талқылады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Биылғы форум «Жаһандық логистика экожүйесін қалыптастыру: Ресей–Қазақстан ынтымақтастығының жаңа көкжиегі» тақырыбына арналды. Оған мемлекеттік орган басшылары, кәсіпкерлер және шекаралас облыстардың әкімдері жиналды. Тараптар өңірлер арасындағы байланысты нақты инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалармен толықтыруға назар аударды. Нұрымбет Сақтағанов екі ел президенттері мен өңір басшыларының алдында Шығыс Қазақстанның бәсекелік артықшылықтарына тоқталды. Ол облыстың өнеркәсіптік әлеуетін, инвестиция тартуға қолайлы салаларын және туристік…
Қазақстан өсімдік майын Өзбекстанға жеткізу көлемі бойынша екінші жыл қатарынан көшбасшылық орнын сақтап қалды. 2025 жылғы қыркүйек пен 2026 жылғы мамыр аралығында көрші елге 553 мың тонна май және майлы дақылды өңдеуден алынатын өнім жөнелтілді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, экспорт көлемі өткен маркетингтік жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 130,8 мың тоннаға немесе 31 пайызға артқан. 2025 жылдың қорытындысында Қазақстанның Өзбекстандағы өсімдік майы нарығындағы үлесі 90 пайыздан асқан. Қазақстандық кәсіпорындар шетелге өсімдік майымен қатар шрот пен күнжара да жеткізеді. 2025–2026 маркетингтік маусымының алғашқы тоғыз айында аталған өнімдер экспортынан 944 млн доллар валюталық түсім түскен. Көрсеткіш бір жыл бұрынғы…
Қарағанды облысындағы Сарыбел станциясының теміржол вокзалын қайта жаңғырту аяқталды. Жаңарған нысанда жолаушылардың жайлылығы, қауіпсіздігі және көлік қызметінің қолжетімділігіне арналған заманауи жағдай жасалды, – деп жазады Ertenmedia.kz. 1965 жылы салынған вокзал ғимараты кешенді жөндеуден өтті. Жаңғыртудан кейін нысанның жалпы ауданы 487,4 шаршы метрді құрады. Бір қабатты ғимарат қажетті инженерлік инфрақұрылыммен толық жабдықталды. Құрылыс барысында вокзалдың шатыры ауыстырылып, сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілді. Кәріз, су, жылу және электрмен жабдықтау желілері жаңартылды. Жолаушыларға қызмет көрсететін кеңістіктер қазіргі талаптарға бейімделді. Перрон да толық қайта жаңғыртылды. Вокзал маңындағы аумақ абаттандырылып, ғимаратқа жаңа жиһаз орнатылды. Жөндеу жұмыстары жолаушылар қозғалысын реттеп, пойыз күту уақытын қолайлы жағдайда…
23 тамызда қазақстандықтар бір палаталы Құрылтайдың 145 депутатын партиялық тізім бойынша сайлайды. Дауыс беру бірнеше қарапайым кезеңнен тұрады, ал әр талап таңдау құпиясын, дауыстың теңдігін және сайлаушы еркіндігін қорғауға арналған, – деп жазады Ertenmedia.kz. Учаскеге бармас бұрын азамат сайлаушылар тізіміне енгізілгенін тексергені жөн. Тізімдер 7 тамыздан бастап танысуға беріледі. Тіркелген мекенжайында дауыс бере алмайтын адам 7–22 тамыз аралығында есептен шығару куәлігін ала алады. Оны беру 22 тамыз күні сағат 18:00-де тоқтатылады. Дауыс беру 23 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Учаскеге жеке куәлік немесе Қазақстан азаматының төлқұжатын алып бару қажет. Комиссия мүшесі аты-жөнді тізімнен тексеріп, бюллетень береді,…










