Жетісу облысының Ақши ауылында өткен «Алакөл толқыны» мәдени-туристік фестиваліне бес мыңнан астам адам қатысты. Ауқымды шара Алакөлдің туристік әлеуетін танытып, көл жағалауындағы демалыс маусымына мерекелік серпін берді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Республикалық оқиғалар мен іс-шаралар күнтізбесіне енген фестиваль Алакөл жағалауында ұйымдастырылды. Оған Қазақстанның әр өңірінен келген демалушылармен қатар, Қытай, Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген туристер қатысты. Көл маңында мәдениет пен туризм тоғысқан үлкен мереке өтті. Салтанатты ашылу Алакөл өңірінің табиғи ерекшелігі, тарихи мұрасы және туристік мүмкіндігін таныстырған бейнероликтен басталды. Көрермендерге көлдің шипалы қасиеті мен жағалаудағы демалыс бағыттары ұсынылды. Арнайы бағдарлама өңірдің туристік брендіне назар аударды. Жетісу облысы әкімінің орынбасары…
Автор: Нұрлан Жұмахан
Медеу – Шымбұлақ аспалы жолының жұмыс уақыты жаздың соңына дейін бір сағатқа ұзартылды. Шешім Медеу – Тұйықсу жолында жеке көліктердің қозғалысына уақытша шектеу қойылуына байланысты қабылданды, – деп жазады Ertenmedia.kz. 25 шілде мен 31 тамыз аралығында аспалы жол күн сайын сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді. Бұған дейін оның қызметі бір сағат ерте аяқталатын. Жаңа кесте туристер мен демалушылардың Шымбұлаққа еркін жетуіне мүмкіндік береді. Медеу – Тұйықсу жолындағы шектеу 24 шілдеден 30 қарашаға дейін сақталады. Осы кезеңде Шымбұлақ шатқалындағы инженерлік инфрақұрылымды жоспарлы жаңғырту жұмысы жүргізіледі. Жеке автокөліктердің қозғалысы құрылыс аяқталғанша шектелмек. Жол төтенше және апаттық қызмет көліктері үшін ашық болады.…
Жел турбинасының пайдалану мерзімі аяқталған соң оның металл бөлігінің басым бөлігі қайта өңделеді, ал алып қалақтарды кәдеге жарату әлдеқайда күрделі. Еуропа мен АҚШ инженерлері шыны талшықтан жасалған қалақтарды жаяу жүргіншілер көпірінің арқалығына айналдыра бастады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жел электр қондырғылары әдетте 20–25 жыл қызмет етеді. Қалақтар осы уақыт ішінде екпінді желге, жауын-шашынға, температура өзгерісіне және тұрақты механикалық күшке төтеп береді. Қондырғы ескірген сайын оны жөндеу мен күтіп ұстауға жұмсалатын қаржы да арта түседі. Белгілі бір кезеңнен кейін ескі турбинаны жөндеу жаңасын орнатудан тиімсіз болуы мүмкін. Мұндай жағдайда қондырғы бөлшектеліп, жарамды компоненті қайта пайдалануға немесе өңдеуге жіберіледі. АҚШ Энергетика министрлігінің…
Қазақстанда шоколад бағасы өсуін жалғастырып, 2026 жылдың алғашқы жартысында былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 30,3 пайыз қымбаттады. Сарапшылар мұндай қарқын кейінгі жылдардағы ең жоғары көрсеткішке айналғанын айтады, – деп жазады Ertenmedia.kz. 2020 және 2021 жылдары шоколад құны жылына шамамен 8–9 пайыз көтерілген. 2022 жылдан бастап баға өсімі айтарлықтай үдеп, жоғары деңгейде сақталып келеді. Кейінгі серпін шоколадтың күнделікті өнімнен біртіндеп қымбат тағам санатына ауысып бара жатқанын аңғартады. Бағаның ең елеулі айлық өсімі 2025 жылдың тамызы мен қыркүйегінде тіркелді. Сол кезеңде шоколад бір айда тиісінше 3,8 және 4,8 пайыз қымбаттаған. 2026 жылғы ақпанда да баға бірден 3,3 пайыз өсті. Energyprom.kz сарапшылары қымбаттаудың негізгі…
25 шілдеде Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде аптап ыстық сақталып, елдің бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Атырауда ауа температурасы 42 градусқа дейін көтерілсе, Астана, Алматы, Қарағанды, Семей және Өскеменде тұрақсыз ауа райы күтіледі, – деп жазады Ertenmedia.kz. Астанада күн бұлтты болып, жаңбыр жауады және найзағай ойнайды. Жел екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейіп, түнде 14–16, күндіз 27–29 градус жылы болады. Алматыда да жаңбыр мен найзағай күтіліп, ауа температурасы күндіз 30–32 градусқа жетеді. Шымкентте жауын-шашын болмайды, алайда жел екпіні секундына 15–20 метрге дейін баруы мүмкін. Қалада түнде 19–21, күндіз 34–36 градус ыстық болады. Түркістанда ауа 36–38, Таразда 33–35 градусқа дейін қызады.…
«Әділет» партиясы сайлауалды науқаны аясында өңір тұрғындарымен тікелей диалог орнатуға бағытталған мобильді керуен жобасын бастады. Алты топ алдағы 29 күнде 14 мың шақырымнан астам жол жүріп, 100-ден астам қала, аудан орталығы мен ауылды қамтиды, – деп жазады Ertenmedia.kz. «Әділетті Қазақстан үшін» атауын алған мобильді керуендердің алғашқы бағыты Астанадан жолға шықты. Сапардың басталу рәсіміне партия атынан Құрылтай депутаттығына ұсынылған кандидаттар, сенімді өкілдер, сарапшылар мен белсенділер қатысты. Жобаның алғашқы бағытына партия Саяси кеңесінің мүшесі, тележүргізуші Армангүл Тоқтамұрат жетекшілік етеді. Оның айтуынша, Қазақстанның 17 облысын қамтитын алты мобильді топ жасақталған. – Бірінші бағыт Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының елді мекендеріне барады. Тұрғындармен…
Шолпан-Атадағы министрлер кездесуі Қазақстан сыртқы саясатының жаңа прагматикалық бағытын айқын көрсетті. Астана Шанхай ынтымақтастық ұйымын саяси мәлімдеме жасайтын мінберден қауіпсіз сауда жолдарын, су қорын және экономикалық орнықтылықты қорғайтын ықпалды алаңға айналдыруды ұсынып отыр, – деп жазады Ertenmedia.kz. Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев 24 шілдеде өткен ШЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты. Кездесуде ұйымға мүше елдердің сыртқы саяси іс-қимылы мен Бішкек саммитіне дайындық барысы талқыланды. ШЫҰ хатшылығы министрлердің 25 жылдыққа арналған Бішкек декларациясының жобасын және бірқатар салалық құжатты мақұлдағанын ресми түрде хабарлады. Астананың ұстанымы бір қарағанда дәстүрлі қауіпсіздік мәселесіне негізделгендей көрінеді. Алайда Көшербаевтың сөзінде экономикалық дипломатия, логистикалық қауіпсіздік және…
Қазақстандықтар 2025 жылға есептелген жеке тұлғалардың мүлік салығын 2026 жылғы 1 қазанға дейін төлеуге тиіс. Алматыда аталған салық 772 мыңнан астам жылжымайтын мүлік нысанына есептелді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі Әсет Есенжігітовтің айтуынша, мүлік салығын пәтер, тұрғын үй, саяжай, гараж, автотұрақ, қойма және өзге жылжымайтын мүлік иелері төлейді. Салық азаматтың тұрғылықты жеріне емес, нысан орналасқан аумаққа қарай есептеледі. Төлем көлемі жылжымайтын мүліктің бағалау құнына байланысты. Оны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы анықтайды. Есептеу кезінде нысанның ауданы, шаршы метрдің базалық құны, тозу деңгейі, орналасқан аймағы және айлық есептік көрсеткіш ескеріледі. 2026 жылдан бастап сән-салтанат коэффициенті…
Алматы соңғы жылдары Орталық Азиядағы ең ірі гастрономиялық орталықтардың біріне айналды. Қаладағы дәстүрлі ас пен заманауи мейрамхана мәдениетінің үйлесімі туристерге қазақ даласының тарихын дәм арқылы тануға мүмкіндік береді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Қазақстанның бұрынғы астанасы кейінгі жылдары өңірдің үздік аспаздарын біріктірген алғашқы Food Fest фестивалін өткізіп, тұңғыш гастрономиялық гидін таныстырды. Қаладағы тағам мәдениеті қазақтың көшпелі дәстүрімен қатар, ұйғыр, орыс, өзбек, кәріс, түрік және үнді асханасының ықпалын бойына сіңірген. Алматыға келген қонақтар кеспесі мол бесбармақтан, қазыдан, ет салынған самсадан, бауырсақ пен қуырылған лагманнан жергілікті асхананың сан қырлы сипатын сезіне алады. Әр тағамның астарында көшпелі тұрмыс, сауда жолдары мен әртүрлі мәдениеттің тоғысуынан…
Швейцарияның сауда тізілімінен Әлия Назарбаева директорлар кеңесіне кірген Kerfuffle AG компаниясы шығарылды. Осылайша Назарбаев дәуіріндегі шетелдік бизнес желілерінің бір тармағы үнсіз тарих сахнасынан кетті, – деп жазады Ertenmedia.kz. Ресми дерекке сәйкес, компанияны тарату туралы шешім 2024 жылғы 26 қарашада қабылданып, рәсім 2026 жылғы маусымда толық аяқталған. Әлия Назарбаева оның директорлар кеңесінде 2016 жылдан бері болған-ды. Ашық реестрде компанияның нақты меншік иесі мен таратуды кім бастағаны көрсетілмейді. Kerfuffle AG Цюрих көлінің жағасында дәулетті клиенттерге арналған 350 млн франктік медициналық кешен салмақ болған. «Швейцариялық қамалда» люкс палаталар, операциялық бөлім және тікұшақ алаңы болуы керек еді. Жоба қағаздағы күйінен әрі аса алмай, қаржылық дау…










