Автор: Нұрлан Жұмахан

Нұрлан Жұмахан, Ertenmedi.kz агенттігінің сарапшысы

Нұрлан Жұмахан Ertenmedia.kz үшін қоғам, саясат және медиа кеңістіктегі өзекті құбылыстарға авторлық көзқарасын білдіреді. Колумналарында оқиғаға баға беріп қана қоймай, оның астарындағы қоғамдық көңіл-күй мен саяси ишараны саралайды.

инвестиция

Қазақстан инвесторлар үшін қауіпсіз елдер рейтингінде 150 мемлекет пен аумақтың арасынан 53-орынға көтерілді. Ел Орталық Азиядағы көшбасшылығын сақтап, әлемдік алғашқы елу мемлекеттің қатарына үш саты жетпей қалды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Safest Countries for Investors 2026 рейтингі Henley & Partners компаниясы мен AlphaGeo талдау платформасы әзірлеген Жаһандық инвестициялық тәуекел және орнықтылық индексіне негізделген. Қазақстан 2025 жылғы қазандағы негізгі есепте 70-орында тұрған еді. 2026 жылғы мамырдағы жаңартуда ел бірден 17 саты жоғарылады. Рейтинг мемлекетке нақты қанша инвестиция құйылғанын немесе капиталдың табыстылығын өлшемейді. Индекс ел экономикасы мен институттарының дағдарысқа, саяси тұрақсыздыққа, валюта құбылуына және сыртқы соққыға қаншалықты төтеп бере алатынын бағалайды. Сондықтан…

Толық оқу

Қазақстан халқы Ассамблеясы Медиация орталығының төрағасы Жанділда Ажығалиұлы Жақыпов медиацияның қоғамдық келісімді нығайтудағы орны, этносаралық даулардың алдын алу жөнінде Ertenmedia.kz сатйы тілшісіне әңгімелеп берді. Оның айтуынша, дау ушыққаннан кейін төрелік айтудан гөрі, келіспеушіліктің себебін ерте анықтап, тараптарды өзара мәмілеге жеткізу әлдеқайда тиімді. – Жанділда Ажығалиұлы, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Медиация орталығы қандай мақсатпен құрылды? – Медиация орталығы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы консультативтік-кеңесші орган саналады. Орталық қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етуге атсалысатын Ассамблея құрылымдарын, мемлекеттік органдарды, кәсіби мамандарды және қоғам өкілдерін ортақ алаңға біріктіреді. Негізгі мақсатымыз қоғамдағы шиеленіс деңгейін төмендетіп, диалог мәдениетін қалыптастыру. Қазақстанда 120-дан астам этнос өкілі өмір…

Толық оқу

Астанада 24 шілде күні электрлі аэротаксидің алғашқы ресми көрсетілімі өтеді. AutoFlight Prosperity аппараты сағат 09:00-де «Қазанат» ипподромының аумағынан әуеге көтеріледі, алайда қолайсыз ауа райы ұшу мерзімін өзгертуі мүмкін, – деп жазады Ertenmedia.kz. Көрсетілімге электр қуатымен жүретін, тігінен көтеріліп-қонатын eVTOL санатындағы аппарат таңдалған. Оған кәдімгі ұшақ секілді ұзын ұшу-қону жолағы қажет емес. Аэротакси шағын алаңнан тік көтеріліп, биіктікке шыққан соң қанатты ұшақ режиміне ауысады. Ұйымдастырушылар Prosperity сағатына 200 шақырым жылдамдықпен ұшып, бір қуаттаумен 200 шақырымға дейін жол жүретінін хабарлады. Жарияланған ақпаратта салон бір пилот пен бес жолаушыға есептелгені айтылған. Алайда AutoFlight компаниясының ресми техникалық құжатында аппарат бес орындық, яғни пилотты қоса…

Толық оқу
QR

Қазақстанда банктер арасында жұмыс істейтін бірыңғай QR төлем жүйесі іске қосылды. Енді сатып алушы мен сатушы әртүрлі банктің клиенті болса да, бір QR арқылы есептесе алады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа жүйе 2026 жылғы 19 шілдеден бастап ресми жұмыс істей бастады. Клиент сауда орнындағы QR-кодты өз банкінің қосымшасымен сканерлеп, төлемді тәулік бойы нақты уақыт режимінде жасайды. Сатып алушыдан мұндай операция үшін комиссия алынбайды. Кәсіпкер үшін төлем қабылдау бұрынғыдай ақылы қызмет болып қалады. Бір банктің ішінде жасалған операция тарифін сол банк өзі белгілейді. Ал банкаралық төлем кезінде комиссия бірнеше қатысушының арасында бөлінеді. Төлем сомасының 1 пайызы сатып алушының банкіне беріледі. Тарифтің…

Толық оқу
KazSat

Қазақстанда ұлттық спутниктік байланыстың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін KazSat-3R ғарыш жүйесін құру басталады. Жобаны жүзеге асыруға Үкімет резервінен 10,4 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды. Жаңа аппарат қазір пайдаланылып жүрген KazSat-3 спутнигін алмастырады. Қолданыстағы ғарыш аппаратының жоспарланған қызмет мерзімі 2029 жылы аяқталады. KazSat-3R ұлттық спутниктік байланыс жүйесінің тұрақты жұмысын жалғастыруға мүмкіндік береді. Жоба телекоммуникация саласының сыртқы технологияға тәуелділігін төмендетуге бағытталған. Сонымен қатар Қазақстанның ақпараттық қауіпсіздігі мен технологиялық егемендігі нығаяды. Жаңа спутник телерадио хабарын тарату, дерек жеткізу, мобильді байланыс және интернет қызметін қолдайды. Оның мүмкіндігі әсіресе халқы аз және шалғай орналасқан…

Толық оқу
электр қуаты ток

Электр тогының өзіне тән иісі болмайды, өйткені иісті мұрын ауадағы молекулалар арқылы сезеді. Адамдар «электр иісі» деп атайтын өткір иіс көбіне озоннан, қызған сымнан немесе күйе бастаған оқшаулағыш материалдан шығады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Розеткадан ұшқын шыққанда немесе электр құрылғысында қысқа тұйықталу болғанда ауадағы оттегі молекулалары ыдырайды. Босап шыққан оттегі атомдары басқа оттегі молекулаларымен қосылып, озон түзеді. Оның иісі өткір, салқын әрі металл иісіне ұқсап сезіледі. Электр тогы өткізгіштен өткен кезде белгілі мөлшерде жылу бөледі. Сым зақымдалса, қосылыс босаса немесе құрылғыға шамадан тыс күш түссе, температура қауіпті деңгейге дейін көтеріледі. Мұндай кезде пластик, резеңке немесе оқшаулағыш қабат күйіп, ащы иіс…

Толық оқу
Айтбек

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Бақытжан Байжановтың рақымшылықпен мерзімінен бұрын босатылуына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, рақымшылық сот үкімін жоймайды және Байжановты кінәсіз деп танытпайды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Айтбек Амангелдінің сөзінше, отбасының заңгерлері қалыптасқан жағдайды егжей-тегжейлі зерттеген. Жәбірленуші тарап сот отырысына шақырылмаған және шешім қабылдау үдерісіне қатыстырылмаған. Сондықтан отбасы аталған қаулыға ықпал ету немесе оны өзгерту мүмкіндігі жоқ деген қорытындыға келген. «Рақымшылық – кінәсіздік емес», – деді ол. Айтбек Амангелді Байжановқа шығарылған айыптау үкімі күшінде қалғанын және сот анықтаған кінә жойылмағанын атап өтті. Оның пікірінше, бостандыққа шығу қылмыстық жауапкершіліктің құқықтық және моральдық салдарын жоққа шығармайды. Амангелді отбасының бұған дейін…

Толық оқу

Соңғы күндері Еділ Жаңбыршинның атына қатысты саяси жорамал көбейді. Бірі оны облыс әкіміне лайық көрсе, енді бірі келесі кадрлық ротациямен байланыстырады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Алайда Жаңбыршыин әкімдік креслоға ұмтылып жүрген саясаткер емес. Егер негізгі мақсаты өңір басқару болса, оған мұндай мүмкіндік әлдеқашан туар еді. Білімі, тәжірибесі және саяси салмағы мұндай қызметке толық жетеді. Оның еңбек жолы бір ғана әкімшілік траекториямен шектеуге болмайды. Еділ Жаңбыршин ғылымда, энергетика саласында, жергілікті атқарушы билікте және Парламентте шыңдалды. Ақтау қаласын басқаруы оған өңірлік менеджменттің ауыр жүгін де, аппараттық шешімнің жауапкершілігін де танытты. Мәжілістегі қызметінде ол экология, мұнай-газ, су қауіпсіздігі және табиғи ресурстар мәселесін жүйелі…

Толық оқу
Маңғыстау

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиёр Ибрагимовпен кездесті. Тараптар сауда, инвестиция және көлік-логистика саласындағы ықпалдастықты кеңейту жолдарын талқылады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Кездесу Маңғыстауда өтетін Қазақстан мен Өзбекстан өңірлері басшылары кеңесіне дайындық аясында ұйымдастырылды. Басқосуда алдағы кеңестің күн тәртібі мен бірлескен жобалардың негізгі бағыттары қаралды. Өңіраралық байланысты нақты экономикалық мазмұнмен толықтыруға басымдық берілді. Нұрдәулет Қилыбай Өзбекстанды Қазақстанның Орталық Азиядағы негізгі стратегиялық серіктесінің бірі деп атады. Оның айтуынша, екі ел арасындағы өңіраралық байланыстар сауда мен инвестициялық ынтымақтастықты тереңдетуге мүмкіндік береді. Маңғыстаудағы кеңес жаңа бастамалар мен іскерлік келісімдерге жол ашуы тиіс. Облыс әкімі Маңғыстаудың көлік-логистикалық әлеуетіне…

Толық оқу
Қолхат расписка

Таныс адамға ақша беру оңай болғанымен, оны қайтарып алу кейде ұзақ сот дауына ұласады. Сондықтан қолхат жазудың маңызы зор. Ақмола облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Нұрлан Жанабаев қарызды дұрыс рәсімдеу және борышкер байланысқа шықпай кеткен жағдайда әрекет ету жолдарын түсіндірді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Қарыз, банктік кредит және бөліп төлеу құқықтық жағынан бір ұғым емес. Қарапайым қарыз шарты азаматтармен қатар заңды тұлғалардың қатысуымен де жасалуы мүмкін, ал банктік қарызды банк, микрокредитті тиісті лицензиясы бар ұйым береді. Бөліп төлеу кезінде сатып алушыға ақша табысталмайды, тауар немесе қызмет құны белгілі мерзім ішінде төленеді. Ақшаны ауызша келісіммен беріп, кейін «өзі қайтарады» деп сеніп қалу…

Толық оқу