Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты жауапқа тарту керектігін айтты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Депутаттың сөзінше, Назарбаев 30 жыл ел билеген кезде болған әділетсіздіктер, заңсыздықтар үшін халық алдында ашық түрде жауап беруі тиіс. Ол бұрынғы президенттің билік басындағы кезеңін «авторитарлық жүйенің сұрқай мұрасы» деп бағалады. «Назарбаев елді дамыттым деп мақтанды да, артына қарамай кете барды. Ал одан қалған жүйе ел байлығын талан-таражға салып, оппозиция өкілдерін қудалады. Тіпті саяси қайраткерлерге қарсы жасалған түрлі қастандықтар бар. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбаев осы және басқа да мәселелер бойынша халыққа ашық жауап беруі қажет. Жүйелі түрде өткеннің қателіктерін саралап, нақты бағасын беру керек», – деді депутат…

Толық оқу
Гидра аралында болған орман өртіне

Грекиядағы танымал туристік аймақтардың бірі Гидра аралында болған орман өртінің себебіне Қазақстан азаматтарының қатысы бар деген ақпарат тарады. Тіпті өрт басталған кезде арал маңында тұрған яхтада Қазақстандағы белгілі бизнесмен Данияр Абылғазин мен Halyk Bank басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова болғаны айтылды деп хабарлайды Ertenmedia.kz OCCRP деректеріне сүйеніп. Мәліметке сенсек, демалушылар жалға алынған яхтадан отшашу атқан, артынша жалын тұтанып, 300 мың шаршы метр аумақты шарпыған. Аралдың мэрі Гиоргос Кукудакис оқиғаға қатысы бар шетелдіктерді сотқа беріп, өтемақы талап ететінін мәлімдеді. OCCRP дерегінше, өрттен кейін яхтадағы жеті қазақстандықтың барлығы бір тәулік өтпей жеке ұшақпен елден кетіп қалған. Топтың ішінде Қазақстандағы дәулетті адамдардың бірі Данияр…

Толық оқу
Қазақстанда құрғақшылық болуы мүмкін

Қазақстанда құрғақшылық болуы мүмкін өңірлер саны артып келеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Синоптиктердің мәліметінше, биылғы шілдеде еліміздің көптеген аймақтарында ылғал деңгейі қалыпты болады деп күтілгенімен, кейбір өңірлерде құрғақшылық қаупі күшейіп тұр. Әсіресе Қостанай облысының Амангелді мен Жангелді аудандары, Ақтөбе облысының Әйтеке би, Байғанин, Ойыл, Хромтау және Шалқар аудандары қауіпті межеде. Қарағанды облысының Шет ауданы, Ұлытау облысының Ұлытау мен Жаңаарқа аудандары да осы сызықтың бойында тұр. Алматы облысының Балқаш пен Жамбыл аудандары, Жамбыл облысының Мойынқұм, Жуалы және Тұрар Рысқұлов ауданы да құрғақшылыққа бейім деп болжанды. Түркістан облысында да құрғақшылық қаупі бар. Әсіресе Арыс, Созақ, Қазығұрт, Түркістан, Отырар мен Бәйдібек аудандарында ылғал тапшылығы…

Толық оқу
Дариға Назарбаеваның жаңа кітабы

Әлемжеліде Дариға Назарбаеваның жаңа кітабы туралы ақпарат тарады. «Мои заслуги перед народом» деген атпен жарық көрген кітаптың тұсаукесері жабық форматта өтті деген де ақпарат бар, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Таралған мәліметтерде Назарбаеваның кітабында өмірі мен еңбек жолын баяндап, ел дамуына қосқан үлесі жайлы ой қозғайтыны айтылған. «Қазақстанның тұңғыш президентінің үлкен қызы өз естеліктерімен бөлісіп, Қазақстанның болашағы туралы пайымдаған», – делінген желіде тараған ақпаратта. Алайда «Меломан» кітап дүкенінің өкілдері мұндай кітаптың сатылымға шықпағанын, тіпті мұндай кітап туралы ешқандай ақпараттары жоқ екенін мәлімдеді. «Әлеуметтік желілерде тараған «Мои заслуги перед народом» кітабы ешқашан біздің сайтта немесе Marwin/»Меломан» дүкендерінде сатылған емес. Бізге белгілі мәліметтерге сүйенсек,…

Толық оқу
Түркістан облысында терроризмді насихаттады

2024 жылдың 26 маусымында Түркістан облысында терроризмді насихаттады деген күдікке ілінген төрт азамат ұсталды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Арнайы операцияны Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен және Ішкі істер министрлігінің қолдауымен жүзеге асырған. Алдын ала мәліметтер бойынша, ұсталғандардың бірі шетелде ұзақ уақыт тұрып, сол жақта радикалдық діни идеологияның ықпалына түскен болуы ықтимал. Күдіктілердің мекенжайына жүргізілген тінту кезінде радикалдық мазмұндағы әдебиеттер мен басқа да заттай айғақтар тәркіленген. Аталған іс бойынша Қылмыстық кодекстің 256-бабы 1 және 2-бөлігі («Терроризмдi насихаттау») бойынша тергеу басталды. Қылмыстық-процестік кодекстің талаптарына сай, іске қатысты басқа мәліметтер әзірге жария етілмейді. Шағын анықтама Айта кетейік, Қазақстан Республикасының заңнамасында терроризмді насихаттаған азаматтарға бес жылдан…

Толық оқу
мемлекет меншігіне қайтарылды

Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне тиесілі жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаты, белгілі заңгер Бақытжан Базарбек мәлімдеді. Оның айтуынша, осы аумақта орналасқан жер телімі заңсыз жолмен жеке меншікке өтіп кеткен. Соңғы кезде Тимур Құлыбаев пен Динара Құлыбаеваның иелігіндегі компанияға тиесілі болған. «Жер аманаты» республикалық комиссиясының жұмысы аясында Алматы қаласының жер ресурстары басқармасының талап арызы қанағаттандырылып, 2024 жылғы 9 сәуірде Алматы мамандандырылған экономикалық соты осы жерге қатысты 2007 жылы шығарылған әкімдіктің қаулысын және бірнеше сатып алу-сату шарттарын заңсыз деп таныған болатын. Биыл 27 мамырда Алматы қаласының апелляциялық сот алқасы осы шешімді күшінде қалдырды. Нәтижесінде…

Толық оқу
атом электр станциясын салу

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты референдум биыл күзде өтетінін айтты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мемлекет басшысы атом электр станциясының тағдырын халық шешетінін атап өтті. «Өздеріңізге белгілі, экономиканы ілгерілету үшін сенімді әрі тұрақты энергия көзі қажет. Осы мақсатта атом электр станциясын салу мүмкіндігін қарастыру туралы Үкіметке нақты тапсырма бердім. Қазір қоғамда бұл мәселе жан-жақты талқылануда. Пікірлер де сан алуан. Осы талқылауға БАҚ та белсенді араласқаны жөн. Қазақстанның атом энергетикасын дамытуға әлеуеті жеткілікті. Бірақ нақты шешімді халықтың өзі қабылдайды. Сол үшін биыл күзде референдум өтеді. Үкімет референдумның нақты күнін бекітеді», – деді Президент. Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы былтырғы…

Толық оқу
Грекиядағы өрт

Грекия билігі Гидра аралындағы орман өртіне Қазақстаннан келген туристердің қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Олар тілсіз жаудың тұтануына қайықтан ұшырылған отшашу себеп болды деген болжам жасауда, деп жазады Ertenmedia.kz. “Персефоне” кемесінің капитаны және 12 экипаж мүшесі жұма күні түнде болған өртке байланысты айыпталып отыр. Бұл туралы Грекия агенттіктері мәлім етті.  Ал Қазақстанның сыртқы істер министрлігі қазақстандық азаматтардың ұсталмағанын және оларға қатысты ешқандай талап-арыз болмағанын хабарлаған болатын. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров болған жайтқа қатысты ресми мәлімдеме жасады. “Қазақстанның консулы бұл ақпарат жарияланғаннан кейін осы іске қатысты бірден Грекия билігіне хабарласты. Полицияның мәліметіне сәйкес, ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ және…

Толық оқу
Киевте журналист Айдос Садықовқа жасалған қастандық

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Киевте журналист Айдос Садықовқа жасалған қастандыққа қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ол бұл жағдайға Қазақстан билігінің қатысы болуы мүмкін деген кез келген ақпаратты арандатушылық деп атады. «Қазақстанның ресми органдарының бұл қылмысқа қандай да бір қатысы бар деу шындыққа мүлде жанаспайтын арандату әрекеті. Бұл тұрғыда Президент те нақты ұстанымын білдірді. Қазір елімізде барлық мәселе тек құқықтық аяда, заң шеңберінде шешіледі. Мемлекет басшысы Айдос Садықов пен оның жұбайының Қазақстан азаматтары екенін ескеріп, олардың құқығын қорғау үшін қажетті шараларды қабылдауды тапсырды», – деді Мәулен Әшімбаев Сенат кулуарында журналистерге берген сұхбатында. Спикер қазір Бас прокуратура бұл іске қатысты украиналық…

Толық оқу
Қазақстанда АЭС салу

Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының сарапшысы Дінмұхаммед Ғали Қазақстанда АЭС салуға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Сарапшының айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың референдум өткізу туралы шешімі халық пікірін ескерудің айқын дәлелі. «Мемлекет басшысы атом электр станциясын салуға байланысты референдум биыл күзде өтетінін жариялады. Экономикалық өсім үшін елде тұрақты энергия көзінің болуы өте маңызды. Қазақстанда 2035 жылға қарай электр энергиясының тапшылығы 3,2 ГВт-қа жетеді деген болжам бар. Сондықтан АЭС салу арқылы ел экономикасын өркендетіп, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік туады. Бұл жоба Қазақстанда атом энергетикасын дамытып қана қоймай, қосымша жұмыс орындарының ашылуына да жағдай жасайды. Ал Президент соңғы сөзді халық айтады деген…

Толық оқу