Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Атырау облысының аумағы

Атырау облысының аумағы ұлғайып, өңір шекарасы кеңейтіледі деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы премьер-министрдің арнайы қаулы жобасында жазылған. Құжатқа сәйкес, Каспий теңізіндегі Қазақстанның аумақтық сулары есебінен жалпы көлемі 3 954 015 гектардан асатын жер телімі Атырау облысының аумағына қосылмақ. Қаулының түсіндірме жазбасында бұл өзгеріс мемлекеттік бюджеттен қосымша шығынды қажет етпейтіні, сондай-ақ ешқандай әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық қиындықтар тудырмайтыны айтылған. Құжат қоғамдық талқылауға 15 шілдеге дейін ұсынылды. Айта кетейік, соңғы жылдары Атырау облысының аумағын кеңейту мәселесі бірнеше рет көтеріліп келеді. Әсіресе Каспий теңізінің экономикалық әлеуетін тиімді пайдалану, мұнай-газ саласының жаңа мүмкіндіктерін ашу мақсатында аймақ аумағын ұлғайту маңызды деп саналады. Осыған байланысты, облысқа теңіз…

Толық оқу

Алматыда өтіп жатқан сот отырысында Гүлмира Сатыбалдының ағайын-туыстарына судья тарапынан ескерту жасалды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қаланың қылмыстық істер жөніндегі сотында кәсіпкер Гүлмира Сатыбалды мен оның жүргізушісі Мәди Батыршаевқа қатысты процесс жалғасуда. Сатыбалды бизнес серіктесін бопсалап, заңсыз қамап ұстады деп айыпталуда. Кезекті сот отырысында жәбірленуші тараптың адвокаты Сатыбалдымен бірге компанияда қызмет еткен кадр бөлімінің жетекшісіне сауал қойды. Адвокат бір сұрақты қайталап қойған кезде, Сатыбалды кенеттен ашуланып: «Мен қарсымын, ол адамдардың өздерін шақырып сұраңыздар», – деп қарсы жақ адвокатына ескерту жасады. Осы сәтте сот залында отырғандардың арасынан да шу шықты. «Құрметті сот, бұларға ескерту жасаңызшы. Біреуі тіпті ұйықтап, орындықтан құлап жатыр, тағы…

Толық оқу
Қазақстандық дипломат Сәкен Мамаш

Қазақстандық дипломат Сәкен Мамаш өзіне қатысты сот шешіміне шағым түсіргенімен, арызы қанағаттандырылмады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Апелляциялық шағым 3 шілде күні беріліп, сол күні қаралды. Дипломаттың қорғаушылары Сәкен Мамашқа тағылған айып толық дәлелденбегенін, оқиға Әбу-Дабиде орын алғандықтан, бұл іске Қазақстан сотының араласуға құқығы жоқ екенін алға тартқан. Дегенмен сот алқасы алғашқы инстанция шешімін күшінде қалдырды. «Апелляциялық сот алқасы алғашқы сот актісін өзгертуге немесе күшін жоюға ешқандай заңды негіз көріп тұрған жоқ. Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша мамандандырылған ауданаралық соттың шығарған шешімі өзгеріссіз қалдырылып, берілген апелляциялық арыз қанағаттандырылмайды», – делінген ресми хабарламада. Еске сала кетейік, бұған дейін, 28 маусымда сот шешімімен Сәкен Мамаш…

Толық оқу

Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанның халықаралық аренадағы орта держава ретіндегі конструктивті рөлін қолдады.Бұл туралы көрші ел жетекшісі екі елдің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізу барысында айтты, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Естеріңізге сала кетсек, шілденің 2 күні Қазақстанға мемлекеттік сапармен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин келді. Қазақстандық сарапшылардың айтуынша, осы мемлекеттік сапары арқылы Си Цзиньпин Қазақстанның абыройын жоғары деңгейге көтеріп отыр.   «Си Цзиньпинің  мемлекет жетекшісі ретінде алдына қойған үлкен мақсаттарының арасында Қазақстанмен жүргізілетін саясатқа ерекше мән беріліп отыр. Жалпы Орта Азия мемлекеттеріне деген көңілі бір бөлек, Қазақстанға деген көңілі бір бөлек. Сол себептен арнайы  мемлекеттік…

Толық оқу
Тоқаев Қытайдың «Синьхуа» агенттігіне сұхбат берді

Президент Тоқаев Қытайдың «Синьхуа» агенттігіне сұхбат берді. Мемлекет басшысы екі ел арасындағы қарым-қатынастың беталысына баға берді, деп жазады Ertenmedia.kz. Президент Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыстың негізі терең достық пен көршілікке құрылғанын ерекше атап өтті. «Қытай төрағасы, құрметті Си Цзиньпиннің былтыр қыркүйекте Қазақстанға жасаған сапары екіжақты ынтымақтастықтың жаңа «алтын 30 жылдығын» бастады. Пандемиядан кейінгі алғашқы сапарын Бейжің басшысының Қазақстанға жасағаны біздің елдер арасындағы байланыстың маңызын көрсетеді», – деді президент. Президенттің Қытайда өткізген сегіз жылы Тоқаев өз сөзінде Қытаймен жеке байланысы туралы да айтты. «Төраға Си Цзиньпинмен кездесулерімді ерекше жылылықпен еске аламын. Біз әрдайым ашық және сенімді әңгіме барысында маңызды мәселелерді, әлемдік…

Толық оқу

Нұрлан Мәсімовтің ісі бойынша тәркіленген көліктер қай мемлекеттік органдарға берілетіні белгілі болды, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz. Tengrinews.kz мәліметінше,Нұрлан Мәсімовтің ісі бойынша тәркіленген автокөліктер Бас прокуратура мен Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке берілген. Екі көлік те мемлекеттік органдарға тегін берілген. «Kia Sorent маркалы көлігі Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының жанындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаментіне берілсе,Toyota RAV4 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Павлодар облысы бойынша департаментіне берілді», дейді аумақтық басқарма басшысы Еркін Смағұлов. e-auction.gosreestr.kz Бұл көліктердің сатылғаны туралы ақпарат биыл көктемде мемлекеттік аукцион сайтында пайда болды. Ресми мәлімет бойынша, қара түсті 2021 Kia Sorento кроссовері 18,5 миллион теңгеге, ал 2021 жылы зауыт конвейерінен…

Толық оқу

Желіде экс-министр Қуандық Бишімбаев изоляторда отырып төбелес шығарғаны туралы ақпарат тараған еді. Ақпаратқа ҚАЖК өкілдері жауап берді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік туралы ескертеді», — деп жазылған хабарламада. Бұған дейін Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова да бұл жалған ақпарат екенін мәлімдеді. Қоғамдық қорғаушы Бауыржан Мусин де бұл ақпаратты теріске шығарды. «Қазір ғана ҚАЖД басшысына хабарластым, ол мұндай жағдай тіркелмегенін айтты», — деді ол. Сонымен қатар, адвокаттың сөзінше, апелляция шешімі күшіне енгеннен кейін Бишімбаев «Аршалы» колониясына ауыстыруы мүмкін. Еске салайық, 26 маусымда Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық істің апелляциялық…

Толық оқу
Бергей

Желіде Атыраудың экс-әкімі Бергей Рысқалиевтың Лондондағы Назарбаев тұрған үйді торуылдап жүрген видеосы таралды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. “Құрметті халайық, мына жерде диктатор Назарбаев қазақтардан қашып кетті. Ол — қазақтың жауы, нөмір бірінші ұры. Оны білір қойыңыздар. Себебі бұл сияқты ұры 200 млрд Қазақстанды ұрлап кеткен. Екі поколение қазақты тақырға отырғызған мұндай ұры дүниежүзінде жоқ. Диктаторлардың түр-түрі бар. Бұның ішіндегі ең азығыны осы адам. Міне, өзінің қазақтарынан қашып, 50 күзетшісімен бірге осы жерден қашып кетті. Сондықтан міне біліп отырыңдар бұл ит өз қазағынан қашып, өмір бойы осылай жүретін адам. Дүниежүзінде бұған ешқашан жақсылық болмайды. Қалған өмірін осылай өткізеді. Бұны батыс елдерінде, барлық…

Толық оқу
Вячеслав Кимнің жұбайы

Kaspi Group компаниясының акционері Вячеслав Кимнің жұбайы Татьяна Ким 2022 жылы Лондоннан аса қымбат екі пәтер сатып алған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қаладағы элиталық тұрғын үй кешенінде орналасқан пәтерлердің жалпы құны – £25,7 млн. «Қаңтар оқиғасынан көп ұзамай сатып алынған екі пәтердің үлкені үшінші қабатта орналасқан. Жалпы ауданы 500 шаршы метрді құрайтын бұл пәтерде үш жатын бөлме, қонақ бөлме, асхана мен төрт жуынатын бөлме бар. Оның бағасы шамамен £20 млн тұрады. Ал бесінші қабаттағы екінші пәтерде бір жатын бөлме, қонақ бөлме және екі жуынатын бөлме орналасқан. Оның құны – £5,7 млн», – деп жазған «ВЧК-ГПУ» телеграм арнасы. Арна авторларының айтуынша, бұл…

Толық оқу
журналист Айдос Садықов

Киевте журналист Айдос Садықовқа қастандық жасады деген күдіктілер 18 маусымда «Паланка» кеден бекетінен Молдоваға кірген деп хабарлайды Ertenmedia.kz.  Азаттық мәліметінше, Алтай Жақанбаев пен Мейрам Қаратаев 19 маусым сағат 01.20-да Молдова астанасы Кишиневтен Антальяға (Түркия) ұшып кеткен. Бұл туралы шекара қызметіндегі дереккөздеріне сүйенген «Молдова: Актуально» телеграм-арнасы хабарлады. Дереккөздердің мәліметінше, күдіктілердің бірі Қаратаев Молдоваға бұған дейін бірінші рет 2024 жылы 19 мамырда «Леушен» кеден бекеті арқылы кірген. Ол елден шыққанда Кишинев халықаралық әуежайынан Франкфуртқа (Германия) ұшып кеткен. «Молдова: Актуально» телеграм-арнасы бейнебақылау камерасы түсірген күдіктілердің суретін және төлқұжатын жариялады. Қазақстан билігі күдіктілердің бірі Жақанбаев 21 маусымда ішкі істер органдарына өз еркімен берілді деп…

Толық оқу