Экс-министр Қуандық Бишімбаев ісімен аты шыққан Қызылордадағы шыны зауытының қазіргі жай-күйі белгілі болды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Премьер-министр Олжас Бектеновтың Қызылорда өңіріне сапары барысында облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев шыны зауытының өндірістік нәтижелерімен таныстырды. Оның айтуынша, зауыттың іске қосылуы аймақ экономикасының дамуына айрықша серпін берген. Қазір кәсіпорында шыны кластерін қалыптастыру жұмыстары жүріп жатыр. «Зауыт ашылғалы бері жалпы құны 27,3 млрд теңге болатын 20,8 млн шаршы метр шыны шығарды. Сондай-ақ кәсіпорын биыл өз есебінен жаңа өндірістік желіні іске қосып, жылына 5 млн шаршы метр энергия үнемдейтін шыны шығара бастады. Бұл жобаның құны – 15 млн доллар», – деді облыс әкімінің орынбасары. Жалпы…
Автор: Асылхан Бөрібай
Беларусь Шанхай ынтымақтастық ұйымына ресми түрде қабылданды, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Астана қаласының Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының төрағалығымен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті басталды. Мұнда ең бірінші Беларусьті ШЫҰ-ға қабылдау мәселесі көтерілді. «Бүгін Беларусь Республикасы ресми түрде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына қабылданды. Александр Григорьевич, сізді шын жүректен құттықтаймын!» – деді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Шанхай Ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің мемлекет басшылары саммитте құжатқа қол қойып, Беларусь Республикасын ресми түрде қабылдады. Айта кетелік, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы барысында бірқатар құжатқа қол қойылған болатын.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке рақымшылық жасалмайды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қазақстан Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия қаңтар оқиғасына қатысты сотталған ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовке кешірім беруден бас тартты. Бұл туралы комиссия мүшесі, Мәжіліс депутаты Марат Башимов мәлімдеді. «Комиссия шешімі енді Президенттің қарауына жіберілді», – деді Башимов. Бұған дейін Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Мәсімовтің рақымшылыққа ілінуіне қатысты пікір білдіріп, оған Қаңтар оқиғасының шынайы себептері мен ұйымдастырушылары туралы мәлімдеме жасауды ұсынған болатын. «Меніңше, Мәсімов қаңтардағы бүлікті ұйымдастырушы емес. Ол ұзақ жылдар бойы Назарбаевтың сенімді серігі болып, оның бизнесі мен активтерін басқарды. Егер ол шетелге шығарылған активтер мен транзакциялар…
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов әуе рейсінде шу шығарып, бес тәулікке қамалды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Астана қалалық әкімшілік сотының мәліметіне сүйенсек, оқиға ұшақ бортында болған. Қабатов алкогольдік ішімдік ішіп, экипаж мүшелеріне дөрекі сөздер айтқан. Сотта белгілі әзілкеш болған жайтты толық есіне түсіре алмағанын, бірақ қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін өкінетінін жеткізіп, кешірім сұраған. Істі қарау барысында аға стюардесса Қабатовтың мас күйінде әдепсіз сөздер айтып, жолаушылардың мазасын алғанын растап берді. Оның кінәсі медициналық сараптамамен, куәгерлердің сөзімен және бейнежазбамен дәлелденген. Сот шешімімен Қабатов ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Қаулы әзірге заңды күшіне енген жоқ. Осыған дейін орыстілді…
Оппозициялық журналист Айдос Садықовқа қастандық жасады деген күдікке іліккен Алтай Жақанбаевтың фотосы желіге тарады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Суретті «БӘСЕ» телеграм-каналы жариялады. Жақында Киевте Садықов пен оның жұбайы Наталья отырған автокөлікке белгісіз адам шабуыл жасап, журналисті жаралап кеткен болатын. Қазір Садықовтың денсаулығы ауыр күйде. Айдос Садықов Украинадан ресми түрде босқын мәртебесін алған. Ал Қазақстан билігі оны былтыр қазан айынан бері «әлеуметтік және ұлттық алауыздық тудырды» деген айыппен іздеуде жүр. Бапидің уәжі қандай? Осы оқиғаға байланысты пікір білдірген депутат Ермұрат Бапи Қазақстанның бұл істен сырт қалмауын талап етті. Оның пікірінше, қандай жағдайда да Садықов – Қазақстан азаматы, сондықтан мемлекет бұл оқиғаға араласып, Украина…
Грекия яхтада жүріп өрт шығарды деген қазақстандықтарға айып тақты, деп жазады Ertenmedia.kz. Яхтада болған екі кәмелетке толмаған балаға айып тағылмаған. Грекия билігі қазақстандық биліктен көмек сұраған. Себебі яхтаны жалға алған қазақстандықтар жауап алынбай, елден кетіп қалған көрінеді. Оқиға орнында прокурор тағайындаған сот-медициналық сараптама кезінде сегіз қазақстандықтың кінәсі дәлелденгендіктен оларға айып тағылған. Кейбір хабарлар бойынша, өртсөндірушілер айлақтан отшашудың қалдықтарын тауып алған. Сонымен қатар, яхтаның капитаны мен бірінші көмекші де ұсталған. Экипиаждың қалған мүшелері босатылған. Айта кетейік, Organized Crime and Corruption Reporting Project деректерінің мәліметінше, өртенген арал жанындағы яхтада Halyk Bank басшысы Үміт Шаяхметова мен олигарх Данияр Абылғазин болған. Деректерге сүйенсек, оқиға Грекияның басты…
Кәсіпкер Данияр Әбілғазин Грекия аралындағы өртке қатысты жауап берді,, деп жазады Ertenmedia.kz. Кәсіпкердің мәлімдемесін Forbes Kazakhstan жариялады. Ол яхтаны жалға алғанын мойындады. Дегенмен кәсіпкердің сөзінше, болған төтенше жағдайға ешқандай қатысы жоқ. «Түсінікті болуы үшін айтайын, «Персефони I» яхтасын 2024 жылдғы 15 маусымда сағат 12.00-ден (түстен кейін) 2024 жылғы 22 маусым сағат 12.00-ге дейін Грекия аралдарында өзіме, қонақтарыма круиз ұйымдастыру үшін жалға алдым. Бұрыннан кететін уақытымыз 22 маусымға жоспарланған еді. Грекиядан кетер алдында бізбен Грекия билігінің өкілдері сөйлесті, олар маған немесе менің қонақтарыма осы оқиғаға байланысты ешқандай шағым айтпады. Осылайша біз алдын ала жоспарланған саяхат жоспарымен жүрдік. Кейбір қонақтар 2024 жылы 21 маусымда…
Биыл 1 шілдеден бастап еліміздегі орман және табиғатты қорғау саласында еңбек ететін қызметкерлердің табысы едәуір өседі. Олжас Бектенов қол қойған тиісті қаулыға сәйкес, сала мамандары лауазымдық жалақыларына қосымша үстемеақы ала бастайды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Үкімет «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар мен қазыналық кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулыға өзгерістер енгізді. Осылайша орман және табиғат қорғау ұйымдарындағы еңбекақы шарттарын қайта қарады. Құжат орман өртін сөндіру стансаларының, орман мекемелерінің, табиғат қорғау және орман орналастыру құрылымдарының қызметкерлеріне 100 пайызға дейін үстемеақы төлеуге мүмкіндік береді. Қосымша ақы алатындар қатарында орман өртін сөндірушілер, арнайы техниканың жүргізушілері, тракторшы-машинистер, радиооператорлар, өрт сөндіру техникасын жөндейтін слесарьлар…
Алматының экс-әкімі Виктор Храпунов АҚШ-та күмәнді қаржыға мүлік сатып алған кәсіпкерлердің тізіміне енді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Global Financial Integrity халықаралық зерттеу ұйымы соңғы 20 жыл ішінде АҚШ-та сатып алынған коммерциялық нысандардың шығу тегін тексерген. Сарапшылардың зерттеуіне іліккендердің қатарында Қазақстанның бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктері де бар. Олар Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов, кезінде мұнай және газ министрі болған Сауат Мыңбаев және «Қазкоммерцбанктің» бұрынғы жетекшілерінің бірі Асқар Алшынбаев. Халықаралық ұйым АҚШ-тағы кемінде 25 коммерциялық нысанның күмәнді қаржыға алынғанын мәлімдеді. Олардың ішінде медициналық мекеме, кеңсе ғимараты және супермаркет бар. Жалпы сомасы – 35 миллион доллар. Жылжымайтын мүліктердің басым бөлігі делдалдар арқылы сатып алынған.…
Алматы әкімдігі қоғамдық көліктегі жолақысын тағы көтеруді жоспарлап отыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қаладағы қоғамдық көлік тарифі соңғы рет былтыр ғана 20 теңгеге қымбаттап, қолма-қол ақшасыз төлем – 100 теңгеге, ал қолма-қол төлем – 200 теңгеге жеткен еді. Енді әкімдік биыл жолақыны тағы 20 теңгеге көтеріп, электронды төлем құнын 120 теңгеге жеткізуді көздеуде. Қалалық мобильділік басқармасының айтуынша, қазіргі тариф тасымалдаушылардың шығындарын ақтамайды. Алматыда орташа есеппен әр жолаушыны тасымалдаудың шынайы құны – 310 теңге, кейбір бағыттарда тіпті 400 теңгеден асып кетеді. Бұл айырмашылық жыл сайын жергілікті бюджеттен бөлінетін субсидия арқылы жабылуда. Биыл субсидия көлемі 68,7 миллиард теңге болса, 2024 жылға болжамды көрсеткіш…










