Алматыда мектеп бітіру кешіне қатысты үлкен дау туындады. 30 жылдық тәжірибесі бар кәсіби қаржыгер, 11-сынып оқушысының анасы президент Тоқаевқа үндеу жолдап, мектеп әкімшілігі мен ата-аналар комитетінің қарапайым отбасыларға аса қымбат кешті мәжбүрлеп отырғанын ашық айтты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Шағым авторының айтуынша, әр түлектен мектеп бітіру кешіне 200-300 мың теңге көлемінде ақша жинау қалыпты жағдайға айналған. Көпбалалы және қарапайым отбасылар үшін мұндай шығын ауыр жүк. «Мен қаржыгермін, бюджетті есептей аламын және барлық тәуекелдерді жақсы білемін. Бізден әр оқушы үшін 200 мың теңгеден аса ақша сұрап отыр, ал кей мектептерде тіпті одан да көп. Ең сорақысы, бұл қаржының қайда жұмсалатыны белгісіз, шығындар…
Автор: Назым Болатхан
БҰҰ жанындағы Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҚҰ) жаһандық елшісі Димаш Құдайберген гуманитарлық миссиямен Бангладештің Кокс-Базар өңіріне келді. Халықаралық қауымдастықтың назарына көп іліге бермейтін аймақта мыңдаған адам тұрақты гуманитарлық көмекке зәру, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Кокс-Базар – әлемдегі ең ірі гуманитарлық орталықтардың бірі. Мұнда үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған, өмір сүруге қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілмеген көптеген адам тұрып жатыр. Өңірдегі жағдай климаттық қиындықтарға байланысты, әсіресе су тасқыны мен циклондардың салдарынан одан сайын күрделене түсуде. Димаш Құдайберген гуманитарлық сапары барысында ХКҚҰ мен оның серіктес ұйымдарының өкілдерімен кездесіп, жергілікті тұрғындарға арналған көмек бағдарламаларымен танысады. Сонымен қатар, халықаралық қауымдастықтың назарын Кокс-Базар өңіріндегі гуманитарлық мәселелерге аудару үшін…
Киелі Маңғыстаудың төріндегі Айрақты тауының етегінде қоқыс теріп жүрген әкімді көрген жұрт әуелде таңданысын жасырған жоқ. Қолына қап ұстап, өңірдің ең көрікті жерін тазартуға білек түре кіріскен Нұрдәулет Қилыбай өзімен бірге бір топ ерікті мен әкімдік қызметкерлерін ертіп шықты деп жазады Ertenmedia.kz. Әкімнің атап өткеніндей, өңірге келетін туристердің қарасы мол болғанымен, тазалық мәдениетінде әттеген-ай дейтін кемшілік көп болып тұр. Айрақтының баурайындағы үйіліп қалған қоқысты бір күн уақытын қиып, жинап шыққан Қилыбайдың командасы өңірге келетін туристерге үлкен өтініш айтып отыр. «Табанымыздың астындағы қара жер бабаларымыздың қаны мен тері тамған қасиетті мекен. Осы жердің ауасын жұтып, суын ішіп отырған әр азаматтың алдында…
Қазақстан мұсылмандары 27 мамырда Құрбан айт мерекесін қарсы алады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының күнтізбесіне сәйкес, биыл Құрбан айт 27–29 мамыр аралығына сәйкес келеді. Мерекенің алғашқы күні, 27 мамыр, елде ресми демалыс саналады. 2026 жылы ол сәрсенбіге түсіп тұр. Құрбан айт исламдағы ең ұлық мерекенің бірі. Оның өзегінде мал сою рәсімі ғана емес, ниет, шүкіршілік, жақынға қарайласу, мұқтажға қол созу жатыр. Сондықтан мерекені тек дастарқанмен өлшеу дұрыс емес. Айт күні адам алдымен ішкі тазалыққа, кешірімге, туыстық байланысқа және қайырымға мән береді. Құрбан шалуға жағдайы бар мұсылман ниет етіп, мал соя алады. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр немесе түйе шалынады.…
Атырау облысының Жангелдин ауылындағы бүтін бір отбасының жантүршігерлік өліміне қатысты атышулы іс сотқа түсті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Алғашқы сот отырысы 18 мамыр күні сағат 11:00-де басталады. Істі аймақта аса ауыр әрі күрделі қылмыстық процестерді жүргізумен танылған судья Зарема Хамидуллина қарайды. Сот отырысы ашық режимде өтеді. Істің басты фигуранты – 29 жастағы Сұлтан Сәрсемәлиев. Тергеу болжамы бойынша, ол әйелінің ата-анасын, қайын інісі мен қайын сіңлісін өлтірген. Қазір күдікті Атыраудағы тергеу изоляторында отыр. Қанды қылмыс өткен күзде белгілі болған. Полицияға Мақсот Қарабалин, оның жұбайы Нәсіп Үтешқалиева және олардың ересек балалары – Мирагүл мен Наурыздың жоғалып кеткені туралы арыз түскен. Туыстарының айтуынша, отбасының…
Қазақ аудиториясына кеңінен танымал блогер Қайсар Қамзаны Қазақстанға қайтару мәселесі Бас прокуратурамен бірлесіп шешіліп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әлеуметтік желілерде миллиондаған оқырман жинаған Қайсар Қамза қаңтар айынан бері халықаралық іздеуде. Оған Қаржылық мониторинг агенттігі интернет-казиноларды заңсыз жарнамалап, ел-жұртты адастырды деген айып тағып отыр. Құзырлы органның дерегінше, Қамза Instagram-дағы qais_arr аккаунты арқылы бес жыл бойы онлайн-казино платформаларын насихаттап келген. Оның желідегі оқырманы 2,4 миллионға жеткен. Сондай-ақ блогер 368 мың адам тіркелген «Қора энтертейнмэнт» Telegram-каналының әкімшісі болған. Блогер казино сайтында тіркелуге шақырып, арнайы промокод таратып, осы арқылы тұрақты түрде заңсыз табыс тауып отырған.…
Қазақстанда көлікке жалған мемлекеттік нөмір тағып жүретіндер үшін жауапкершілік қатаңдатылуы мүмкін. Депутат Бақытжан Базарбек мәселе көтеріп, елде мұндай заңсыздықтың тым көбейгенін ашық айтты деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мәжіліс отырысында депутат жалған мемлекеттік нөмірлердің кесірінен талай адам қаза тауып жатқанын жеткізіп, заңды қатаңдату керектігін алға тартты. Айтуынша, бүгінде жалған нөмір тағатындардың арасында қалтасы қалың азаматтар мен олардың бала-шағасы да жиі кездеседі. «Бұл Алматыда ғана емес, бүкіл Қазақстан аумағында таралған қауіпті үрдіс. Қарапайым жұрттың өміріне тікелей қауіп төндіріп отырған мәселе. Жалған нөмір таққан көлік апат жасаса, кінәліні табу қиынға түседі. Салдарынан қаншама отбасы қайғы жұтып отыр», — деді Бақытжан Базарбек. Оның сөзінше, мұндай…
Қазақстанда жемқорлыққа қарсы заң қатаңдай түседі. Депутаты Айдос Сарым жаңа заң жобасын таныстырып, коррупциямен күрестегі маңызды өзгерістер туралы баяндау жасады деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа заң жобасында ең алдымен жемқорлықтың алдын алу шаралары күшейеді. Мүдделер қақтығысын болдырмау мәселесі егжей-тегжейлі қаралып, меморгандар мен квазимемлекеттік мекемелерде осы процеске жауапты қызметкердің құзыреті арттырылмақ. Атап айтқанда, әдеп жөніндегі уәкіл мен комплаенс-қызметтердің рөлі айқындалады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлер өзінің жеке мүдделерін декларациялауға міндеттеледі. Бұдан бөлек, ағайын-туыс адамдардың бір жерде қызмет істеуіне тыйым салынатын талап енгізіледі. Егер осы шарт орындалмаса, жауапты тұлғалар тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Осындай жағдайда жасалған келісімдер мен шарттар жарамсыз боп танылады. Пара…
Серік Сәпиев Қарағанды облысының спорт басқармасындағы қызметтен кетуіне өңір спортындағы бармақ басты, көз қысты әрекеттер әсер еткенін айтты. Олимпиада чемпионы «Почему не я» бағдарламасында осы оқиғаның астарын ашып берді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Айтуынша, дау орынбасарының «кадр ротациясы» маңындағы заңсыз қылықтарынан басталған. Ол бұрынғы әріптесі адамдарды қызметке орналастыру арқылы пайда тапқанын меңзеп, әңгімені тым тереңдеткісі келмеді. «Ол заңсыз әрекеттер жасады. Мен соны тоқтатқым келді. Кадр ротациясы бойынша. Яғни адамдарды қызметке орналастырудан ақша тапты. Осымен шектелейік», — деді Сәпиев сұхбатта. Олимпиада чемпионы әлгі әрекеттің артында өзінен жоғары тұрған адамдардың ықпалы болуы мүмкін екенін де жасырмады. Оның сөзінше, бұрынғы орынбасары басқарма басшысы емес,…
Құрылтай туралы жаңа заң жобасында Президенттің жоғары өкілді органды тарату құқығы нақты жағдаймен шектеліп көрсетілген деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасына сәйкес, Президент Құрылтай төрағасымен және Премьер-министрмен кеңескеннен кейін Құрылтайды тарата алады. Алайда құжатта мұндай шешімнің бірден қабылдана салмайтыны аңғарылады. Таратуға негіз болатын саяси жағдай бөлек көрсетілген. Ең маңызды норма Премьер-министрді тағайындау тәртібіне қатысты. Егер Құрылтай Президент (қазіргі жағдайда Тоқаев, ред.) ұсынған Премьер-министр кандидатурасын екі рет мақұлдамаса, Мемлекет басшысы Құрылтайды таратуға құқылы. Осы арқылы заң жобасы Үкімет басшысын бекіту мәселесін саяси дағдарысқа ұластырмаудың жолын белгілеп отыр. Нені білу маңызды? Президент Құрылтайды таратқан жағдайда жаңа…










