Автор: Назым Болатхан

Назым Болатхан

Назым Болатхан Ertenmedia.kz редакциясында қоғам, әлеуметтік тақырып, қала өмірі, шоу-бизнес және адам тағдырына қатысты оқиғалар туралы жазады. Оның материалдарында күнделікті өмірдегі маңызды мәселелер, азаматтардың үні, мемлекеттік органдар шешімі және қоғамда талқы тудырған жайттар қамтылады.

дрондар шабуылы КТК

Қазақтың CPC Blend маркалы мұнай экспортының күрт қысқаруы салдарынан Еуропада мұнайдың бағасы шарықтап барады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Bloomberg агенттігінің мәліметінше, трейдерлер Каспий құбыр консорциумының (КТК) тұрақсыз жұмысына байланысты CPC Blend тасымалынан бас тартып, орнына басқа маркаларды таңдай бастаған. Нарықтағы тапшылықты Ливия мен Солтүстік теңіздегі іркілістер де күшейтіп тұр. «Қазір Еуропада мұнайдың нақты сорттары әдеттегіден қымбат сатылып жатыр. Мәселен, Brent бағасына әсер ететін WTI Midland сорты 13 қаңтарда негізгі бағадан 2 доллар 90 центке жоғары саудаланды. Мұндай баға нарықта соңғы бір жылда тіркелмеген. Azeri Light маркасы да соңғы бір жыл ішіндегі ең жоғары көрсеткішке жетті. CPC Blend тапшылығынан кейін тұтынушылар осы…

Толық оқу
мұрат бисембин

Қазақстандық танымал актер, «Рэкетир» фильмі арқылы ел есінде қалған Мұрат Бисембин 53 жасында дүниеден өтті деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Актердің өмірден озғанын әлеуметтік желіде қызы Диана Болатова жеткізді. Ол әкесінің суретімен бірге туған және қайтыс болған күнін жариялап, «Шексіз жақсы көремін» деген қысқа жазба қалдырды. Мұрат Бисембин 2024 жылдан бері қатерлі ісік дертімен арпалысып келді. Асқазан асты безіне жабысқан ауру актерді түсірілім алаңынан алыстатқан еді. Дәрігерлер сырқаттың ота жасауға келмейтінін айтқан соң, ол химиялық терапия алып жүрді. Өткен жылдың желтоқсанында инсультпен орталық клиникалық ауруханаға түскен актердің денсаулығы жақсара бастағанын қызы 31 желтоқсанда хабарлаған болатын. Бірақ араға бірнеше күн салып, 8 қаңтарда…

Толық оқу