Оңтүстік Кореядағы ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 176 адамға жетті, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
«Сағат 18:10-дағы (Астана бойынша 14.10) деректер бойынша Jeju Air ұшағы апатынан қаза тапқандар саны 176 адамға дейін өсті», — деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Jeju Air әуекомпаниясының ұшағы ұшу-қону жолағында ұшпай, Муан халықаралық әуежайына қонған кезде қоршауға соғылған. Әуе апаты таңғы 9:07-де (Астана уақыты бойынша 5:07) болды.
Бангкоктан оралған Jeju Air әуекомпаниясының бортында барлығы 181 адам болды, оның ішінде алты экипаж мүшесі бар. Жолаушылардың көпшілігі Корея азаматтары болды. Таиландтың екі азаматы бар.
Жергілікті БАҚ-тың мәліметтеріне сүйенсек, Муан қаласының әуежайына қонған кезде апатқа ұшыраған ұшақ құстармен соқтығысқан болуы мүмкін.