Қазақстан мен Беларусь президенттері телефон арқылы сөйлесті, — деп хабарлайды ErtenMedia.
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконы Беларусь Республикасының президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады.
«Тараптар екіжақты күн тәртібінің, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылады», — деп жазылған хабарламада.
26 қаңтарда Беларусьте президенттік сайлау өтті. Қазіргі мемлекет басшысы Александр Лукашенко қайта сайланды.
2025 жылғы сайлауға бес кандидат тіркелген болатын. Александр Лукашенко сайлаушылардың 87,6 пайыз дауысын жинады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

