Ресейлік идеолог Александр Дугин Қазақстанның болашағына күмән келтіріп, посткеңестік елдерді Мәскеудің қанатының астына қайта жинауды ұсынды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Дугиннің мәлімдеуінше, тәуелсіз мемлекеттердің дәуірі аяқталған. Ол өз сөзінде Қазақстанмен қоса, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Армения, Грузия мен Әзербайжанның дербес өмір сүруге хақысы жоқ деген пікір айтты.
«Егеменді Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Армения, Грузия және Әзербайжанның бар екенімен келісе алмаймыз», – деді Дугин.
Оның пайымдауынша, жаңа геосаяси жағдайда аталған мемлекеттер Ресейдің ықпалына қайтып оралуға мәжбүр. Әйтпесе, Батыс, АҚШ, Қытай немесе Еуроодақтың ойын алаңына айналады-мыс.
Дугин тіпті Ресейдің қазіргі халықаралық құқық нормаларынан бас тартып, ашық қарсыласуға көшкенін қолдайды. «Еуразиялық Монро доктринасы» деген жаңа саяси үлгі ұсынып, ұлттық мемлекеттерді өткен заманның қалдығы деп атап көрсетіпті.
«Халықаралық құқықты ысырып тастап, Трамп сияқты батыл әрекетке көшу керек. Бізде бұдан басқа жол жоқ», – деп кесіп айтты ол.
Жуырда тағы бір ресейлік пропагандист Владимир Соловьев те өз эфирінде Орта Азияға қатысты «арнайы операция» жайлы сөз қозғаған. Ол тіпті аймақты «біздің Азиямыз» деп атап, Киевтегі жағдайдың басқа өңірлерде қайталануы мүмкін екенін меңзеген еді. Бұған сарапшы Ғәзиз Әбішев жауап қатыпты, Соловьев секілділер Кремльдің сүйкімін кетіріп, аймақты Ресейден алыстатып жатқан айтқан еді.
Соның алдында Тоқаевпен салғыласқан тағы бір пропагандист Марғарита Симонян айықпас дертке шалдыққан болатын.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

