Қырғыз әдебиетінің алыбы Шыңғыс Айтматовтың 100 жылдық мерейтойын тойлаудың қажеті жоқ. Оның орнына халықтың әл-ауқатын көтеруге көңіл бөлген жөн.
Жазушының қарындасы Роза Айтматова мерейтой қарсаңында осындай ұсыныс жасап, үкіметке үндеу жолдады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Роза Айтматованың айтуынша, мұндай сұрақ қоғам тарапынан да туындап, «мерейтойға жұмсалатын қаржыны халықтың қажетіне жарату керек еді» деген пікір қалыптасуы мүмкін.
«Айтматовтың 100 жылдығына бөлінген көл-көсір қаражатқа басқа маңызды істерді атқаруға болар еді деген аргумент міндетті түрде айтылады. Сондықтан сол ақшаны қарапайым азаматтардың өмір сапасын жақсартуға жұмсауды алдын ала өтініп отырмын. Шыңғысты шын құрметтегісі келгендер осылай жасауы керек», – деді ол.
Роза Айтматова ағасының өмірден өткеніне 17 жыл болса да, оның есімі әлі күнге дейін түрлі талас-тартыстың ортасында жүргеніне қынжылыс білдірді.
«Шыңғысқа артық мақтау да, орынсыз сын да керек емес. Оның рухын мазаламаңыздар, атын да қараламаңыздар. Жай ғана тыныштықта жатсыншы, құлағын шулатпаңыздар», – деді жазушының қарындасы.
Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстанның қаржы полициясының экс-басшысы Сыймық Жәпікеев журналист Ернис Қыязовқа берген сұхбатында Айтматовтың шығармаларын «арзанқол, орта деңгейдегі туындылар» деп сынға алған еді. Оның мәлімде әлемжелілер мен ақпарат құралдарында қызу талқынып, қырғыз қоғамын екіге жарған жайы бар.
Айта кетелік, бұған дейін саясаткер Абзал Достияров Жазушылар одағының маңызды мәселеге келгенде үнемі үнсіз қалатынын сынаған болатын.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

