Саясаттанушы, Орталық Азия бойынша белгілі сарапшы Аркадий Дубнов Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасқа пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Путин Өзбекстанға сапарында бұл елді Орталық Азиядағы ең ірі ел деп атаған.
«Ташкентке барды ғой, бұл қалада да әдемі сөздер мен жағымды пікірді жақсы көреді. Ол Ресей болашақта салуы мүмкін атом электр станцияларының тағдыры талқыланып жатқан Өзбекстанға барды. Осылайша «жылы-жұмсақ» жолмен жеткізу, Мәскеу Ташкентке өте мұқият, дос көңілмен қарайтынын ұғындыру керек болды. Бұл — ҰҚШҰ мен Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа кіруден бас тартып отырған ел. Ол жерде ең үлкен дегенді меңзегемен болар, халқы жағынан ең үлкен екенін айтқан болуы керек. …Қазақстан мен Өзбекстан одағы Ресей-Беларусь одағын еске салғанын қаламас едім. Бір кездері бұған қатысты Қасым-Жомарт Тоқаев кекесінмен пікір білдірді», — деді сарапшы.
Айта кетейік, бүгін Ақорда резиденциясында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
Екі елдің президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді. Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентіне ілтипат білдіре отырып, бұл сапар екі ел арасындағы ынтымақтастық пен одақтастықты дамытуға тың серпін беретінін айтты.
«Қазақстан халқы сіздің бүгінгі сапарыңызға үлкен мән беріп отырғанын атап өткім келеді. Мұның өзі көп дүниеден хабар береді. Жалпы, соңғы жылдары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы байланыстар жақсы жағына қарай түбегейлі өзгерді. Екі ел ынтымақтастығын нақты мазмұнмен толықтыруға бар күш-жігерімізді саламыз. Бүгін біз мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастық пен одақтастықтың негізгі бағыттарын айқындайтын құжаттарға қол қоямыз. Сондықтан бұл сапардың жөні бөлек», – деді Қазақстан Президенті.