Автор: Нұрлан Жұмахан

Нұрлан Жұмахан, Ertenmedi.kz агенттігінің сарапшысы

Нұрлан Жұмахан Ertenmedia.kz үшін қоғам, саясат және медиа кеңістіктегі өзекті құбылыстарға авторлық көзқарасын білдіреді. Колумналарында оқиғаға баға беріп қана қоймай, оның астарындағы қоғамдық көңіл-күй мен саяси ишараны саралайды.

Жол ШҚО

Шығыс Қазақстанда 2026 жылы 630 шақырым автомобиль жолы мен елді мекен көшесін жөндеу жоспарланған. Ауқымды жұмыс тұрғындардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етіп, туристік және экономикалық бағыттардың қолжетімділігін арттыруға тиіс, – деп жазады Ertenmedia.kz. Өңірдегі республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 5,2 мың шақырымды құрайды. Оған елді мекендердегі 5,4 мың шақырым көше желісін қосқанда, облыстың жол инфрақұрылымы 10,6 мың шақырымға жетеді. Биыл саланы дамытуға 56,9 миллиард теңге бағытталған. Жөндеу жұмысының 330 шақырымы республикалық тасжолдарға тиесілі. Жергілікті жолдар мен елді мекен көшелерінің 300 шақырымнан астам бөлігі жаңартылады. Қазіргі уақытта облыстық және аудандық жолдардың 94 пайызы, республикалық бағыттардың 87 пайызы нормативтік…

Толық оқу
Құтқарушылар Алакөл

Жетісу облысындағы Алакөл жағалауында шағын көлемді кемелерді пайдалану тәртібін бұзған азаматтарға 109 әкімшілік жаза қолданылды. Қауіпсіздік талаптарын сақтамағандарға салынған айыппұл көлемі 1 миллион 654 мың теңгеден асты, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жазғы маусым басталған 15 мамырдан бері Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жауапты органдармен бірге 90 күндізгі және 62 түнгі рейд өткізген. Тексеру кезінде шағын кемелердің құжаты, техникалық жағдайы және жолаушылар қауіпсіздігі назарға алынған. Заң бұзғандарға әкімшілік хаттама толтырылды. Көп жағдайда кеменің борт нөмірі болмаған немесе белгіленген мөлшерден артық жолаушы тасымалданған. Құтқару жилетінің жоқтығы, кеме билетінсіз жүзу және навигациялық белгілерді елемеу деректері де анықталды. Жетісу облыстық ТЖД бастығы Қанат Алтынбеков қауіпсіздік…

Толық оқу
отбасы банк ұлттық қор балаларға

Алматыда кезекте тұрған азаматтарға жалдамалы тұрғын үй бөлудің кезекті кезеңі басталды. Отбасы банк пәтер алу мүмкіндігі туған үміткерлерге 1414 нөмірінен SMS-хабарлама жолдап жатыр, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа кезеңде алдыңғы үлестіруден қалған 300 пәтер ұсынылады. Бұған дейін 816 жалдамалы баспана кезекте тұрған азаматтарға берілген. Қалған пәтер электронды кезек тәртібімен келесі үміткерлерге бөлінеді. Хабарлама алған азамат orken.otbasybank.kz порталына кіріп, жеке кабинетін тексеруі қажет. Жүйеде кезектің келгені және пәтердің бөлінгені жөніндегі ақпарат көрсетіледі. Одан кейін міндетті түгендеу рәсімінен өту керек. Түгендеу аяқталған соң үміткер ұсынылған баспананы қабылдау немесе одан бас тарту жөнінде шешім қабылдайды. Жауап беруге тура бес жұмыс күні беріледі. Белгіленген…

Толық оқу
"Әділет" партиясы

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы «Әділет» партиясының Құрылтай депутаттарының сайлауына арналған партиялық тізімін ресми түрде тіркеді, – деп жазады Ertenmedia.kz. Партия ұсынған тізімге барлығы 186 кандидат енді. Олардың қатарында заңгерлер, ғалымдар, кәсіпкерлер, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, мәдениет және қоғамдық сала өкілдері бар. Кандидаттардың орташа жасы – 45. Естеріңізге сала кетейік, жалпы, бірпалаталы парламент құру идеясы алғаш рет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында жария етілді. «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты құжатта Президент парламенттік жүйені жаңғырту қажеттігіне тоқталды. Мемлекет басшысы бұл мәселенің еліміздің саяси…

Толық оқу
қайыңды жолы

Алматы облысындағы Қайыңды көліне апаратын аудандық маңызы бар жаңа автомобиль жолы тамыз айында пайдалануға беріледі. Құрылыс аяқталған соң табиғи нысанға қатынау жеңілдеп, туристер межелі жерге қауіпсіз әрі жылдам жете алады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Қазір өрге қарай созылған ойлы-қырлы бағыт толық тегістеліп, негізгі дайындық жұмыстары аяқталды. Жолға асфальт төсеу қарқынды жүріп жатыр. Бүгінге дейін 2,5 шақырым жолға асфальт төселді. Жоба аясында жол бойына жоспарланған 42 су өткізгіш құбырдың барлығы орнатылды. Бұл нысандар жауын-шашын мен еріген қар суын өткізіп, жол қабатының бұзылуына жол бермеуге тиіс. Құбыр орнату жұмысы жүз пайыз орындалған. Жолдың жалпы ұзындығы 10 шақырымды құрайды. Құрылыс өткен жылдың қазан…

Толық оқу
Трамп Мамдани

АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Америка аумағында болған кезде ешқандай жағдайда тұтқындалмайтынын мәлімдеді. Оның сөзі Нью-Йорк мэрі Зохран Мамданидің Израиль басшысын қамауға алу мүмкіндігін қарастырып жатқаны туралы пікірінен кейін айтылды, – деп жазады Ertenmedia.kz. Мамдани Нетаньяху қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясына келсе, Халықаралық қылмыстық соттың ордерін орындаудың құқықтық жолын іздейтінін айтқан. Алайда ол қала билігінің мұндай өкілеттігі бар екеніне сенімді еместігін мойындады. Қазір Нью-Йорк әкімшілігінің заңгерлері мәселені зерттеп жатыр. Трамп Truth Social желісіндегі жазбасында Нетаньяху АҚШ-та жүргенде «ешқандай жағдайда тұтқындалмайтынын» кесіп айтты. Америка басшысы Израиль Премьер-министрін Иранға қарсы күрес жүргізіп жатқан одақтас ретінде қорғады. Ол Нетаньяхуды емес,…

Толық оқу
Президент

Мемлекеттегі ешбір ірі іс өздігінен жүзеге аспайды. Елдің күнделікті тіршілігін қамтамасыз етіп отырған жолдардың салынуы, жаңа бағыттардың ашылуы мен ескі магистральдардың жаңаруының артында жүйелі мемлекеттік саясат және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың стратегиялық ұстанымы тұр, – деп жазады Ertenmedia.kz. «Жолдың жайын жүрген білер» дейді қазақ. Аймақтарды жиі аралайтындықтан, бір айдың жиырма күнін сапарда өткізетін кезім аз емес. Сондықтан елдегі жол сапасының қалай өзгеріп жатқанын әр сапар сайын көзбен көріп, көңілге түйіп жүрмін. Былтыр Батыс Қазақстан облысына бірнеше мәрте ат басын бұрдым. Бұрын Орал қаласынан Сырым ауданының орталығы Жымпитыға дейін жетуге үш сағаттай уақыт кететін. Қазір жол жөнделіп, осы қашықтықты бір-бір жарым сағат…

Толық оқу
көлік құрастыру

Қазақстанда Li Auto, Omoda және Jaecoo маркалы автомобильдер шығару жоспарланып отыр. Сонымен қатар жүргізушісіз жүретін Sitrak ершікті тартқыштарын құрастыру және BYD компаниясымен бірге жылдам қуаттау станцияларын дамыту көзделген, – деп жазады Ertenmedia.kz. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев жаңа жобалар Президенттің Қытайға мемлекеттік сапары кезінде жасалған келісімдер аясында іске асатынын айтты. Жеңіл және коммерциялық көлік өндірісін кеңейту жұмысы 2028 жылға дейін жалғасады. Жобалар Қазақстанның машина жасау саласындағы өндірістік қуатын арттыруға бағытталған. Жоспардағы ең маңызды бағыттың бірі – Li Auto, Omoda және Jaecoo көліктерін ел аумағында құрастыру. Қытайлық маркалардың келуі отандық зауыттардағы модель қатарын кеңейтіп, жаңа технологияны игеруге мүмкіндік береді. Өндірістің…

Толық оқу
мәрмәр тас

Жамбыл облысында жеке сот орындаушысы құны 1 миллиард теңгеге бағаланған мәрмәр кен орнын 45 миллион теңгеге сатып жібергені жөнінде ақпарат тарады. Бұл туралы журналист Михаил Козачков Kozachkov offside арнасында хабарлады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Миллиард тұратын активтің бағасы қалайша 45 миллион теңгеге дейін «арықтап» қалғаны түсініксіз болып тұр. Қарапайым азаматтың шағын қарызы болса, үйі мен есепшоты түгел тексеріледі. Ал тұтас кен орны сатылғанда, нарықтық баға аяқ астынан қарапайым пәтердің құнына түсіп кетеді. Қызық. Мұндай сауда «Ескі Қазақстанның» кезінде жиі өтіп тұратын еді. Сол кесел әлі жоғалмаған секілді. Заң бар, рәсім бар, тек әділет пен экономикалық логика көрінбейтін осындай келсімдер елді…

Толық оқу
Ахуал Сегодня

«Ахуал Сегодня» жобасының авторы, блогер Азамат Омаровтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл жөнінде журналист Михаил Козачков өзінің Kozachkov offside арнасында хабарлады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Алдын ала мәлімет бойынша, Азамат Омаров Қылмыстық кодекстің 174-бабы аясындағы іс бойынша күдікке ілінген. Аталған бап әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру әрекеттеріне қатысты жауапкершілікті қарастырады. Кей деректе блогердің екі айға қамауға алынғаны айтылған. Әзірге құқық қорғау органдары істің мән-жайы, күдікке негіз болған материал және қолданылған бұлтартпау шарасы жөнінде ресми мәлімет жариялаған жоқ. Азамат Омаровтың өзі немесе оның қорғаушылары тарапынан да толық түсініктеме берілмеді. Сондықтан тараған ақпарат ресми органдардың мәлімдемесінен кейін нақтылануға…

Толық оқу