Актриса Дариға Бадықова журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға қарсы сотта жеңіліске ұшырады. Бұған дейін ол YouTube желісіндегі сұхбатты жалған деп танып, видеоны өшіртуді, журналистің көпшілік алдында кешірім сұрауын және одан 4 миллион теңгеден астам қаржы өндіріп беруді талап еткен болатын деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұл туралы журналистің өкілі, адвокат Инга Иманбай жазды. «Біз Дариға Бадықоваға қарсы сотта жеңіске жеттік. Мен бұл істі журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың өкілі ретінде жүргізіп, оның мүддесін толық қорғадым. Сот Бадықованың бірде-бір талабын қанағаттандырмады», – деді адвокат желідегі парақшасында. Сотқа дейінгі талапта актриса журналистің YouTube арнасында жарияланған сұхбатты шындыққа жанаспайды деп танып, видеоны өшіруді, журналиске көпшілік алдында кешірім сұрауды міндеттеуді…
Автор: Самал Жолжаксын
2026 жылдың сәуір айынан бастап мерзімі өтіп кеткен жүргізуші куәлігін eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы онлайн ауыстыруға мүмкіндік беріледі деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұған дейін онлайн режимде куәлігін тек мерзімі өтпеген азаматтар ғана жаңарта алатын. Енді мерзімі өтіп кеткен жүргізуші куәліктерін де үйден шықпай-ақ ауыстыруға болады. Онлайн ауыстыру үшін не істеу керек? eGov.kz порталында: eGov.kz порталына кіріп, «Азаматтарға» – «Көлік және коммуникациялар» – «Автомобиль көлігі» бөліміне өту; «Жүргізуші куәліктерін беру» қызметін таңдау; Куәлікті алатын ХҚКО-ны таңдап, фотоны жүктеу (фото талаптарын орындау қажет); Электрондық қолтаңба үлгісін жүктеп, байланыс телефон нөмірін көрсету; Мемлекеттік баж (1,25 АЕК немесе 5406 теңге) төлеу.…
Солтүстік Қазақстандағы «Жасыл Солтүстік» жылыжай кешенінің ұжымымен кездесуде премьер-министрдің орынбасары, Ақпарат министрі Аида Балаева еңбек ұжымдарына арналған конституциялық кепілдіктерді егжей-тегжейлі түсіндірді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жиынға Парламент өкілдері, қоғам қайраткерлері, жастар ұйымдарының белсенділері, мәдениет саласының мамандары және кәсіпорын басшылығы қатысты. Аида Балаева Конституция жобасында қарапайым еңбек адамының мүддесі айқын көрініс тапқанын ерекше атады. Оның сөзінше, негізгі заң жобасында қызметкерлердің еңбек ету құқығы мен қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін жұмыс жағдайларының нақты нормалары жазылған. Сондай-ақ қызметкердің еңбегіне төленетін ақы еш кемсітусіз, әділ болуы тиіс екені нақты белгіленген. «Еңбек адамын құрметтеу жай ұран емес, Конституциямен бекітілген қағидаға айналмақ. Әсіресе ауыл шаруашылығы мен жылыжай саласында…
«Қазақтелеком» жаңа стратегиялық модельге көшетінін хабарлады. Компания енді тек байланыс операторы ғана емес, жасанды интеллект (AI) экономикасына арналған инфрақұрылымдық провайдер болмақ деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа модельдің негізінде Қазақстанда AI-жүйелерді бір орталықта орналастырып, оқытып және кеңейтетін толық форматты экожүйе қалыптастыру жоспарланған. Осылайша компания мемлекеттік органдар, бизнес және халықаралық технологиялық алпауыттарға бір терезе қағидатымен (one-stop shop) қызмет көрсететін ірі инфрақұрылымдық орталыққа айналады. 2025 жылғы басты жетістіктердің бірі – аймақтағы ең ірі суперкомпьютер Al-Farabium-ның іске қосылуы. Бұл құрылғыда NVIDIA H200-дің 400 графикалық процессоры, HGX сериялы 50 сервер және 6 петабайт жоғары өнімділікке ие деректер сақтау жүйесі бар. Суперкомпьютер қазірдің өзінде TOP200 халықаралық рейтингке…
Ертең, 25 ақпанда Алматыда сирена қосылып, төтенше жағдай туралы хабарлау жүйесі тексеріледі деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқу-жаттығу аясында сиреналар таңғы сағат 11:00-де қысқа уақытқа іске қосылады. Сонымен қатар телеарналар мен радио толқындар арқылы арнайы хабарлама таратылады. «Дабыл дауысы төтенше жағдай қаупі төнгенде немесе туындаған кезде халық назарын аударуға арналған «Баршаңыздың назарына!» сигналы. Тұрғындарды сабыр сақтап, дүрлікпеуге шақырамыз», – деді қалалық ТЖД баспасөз қызметі. Алматы тұрғындары сиренаны естіген кезде: теледидар немесе радионы қосып; ресми интернет-ресурстар мен мобильді қосымшалардағы ақпаратты тексеріп; берілген хабарламамен және көрсетілген нұсқаулармен мұқият танысуы керек. Тексеріс «Көктем – 2026» республикалық оқу-жаттығуы аясында жүзеге…
Түркістан облысы Сайрам ауданына қарасты Жібек жолы ауылында былтыр ғана салынған әкімдік ғимаратының қабырғасы қақырап, едені опырылып жатыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz КТК арнасына сілтеп. Ақ түсті қабырғалары, жаңа линолеумі мен бояуы әлі кеппеген нысанға шамамен 193 миллион теңге жұмсалған еді. Алайда пайдалануға берілгеніне бір жыл толмай жатып ғимарат апатты күйге түсті. Қабырғалардағы жарықтардың көлемі қол сиятындай үлкен, ал дәретхана мен қойманың едендері опырылып, аталған бөлмелер толығымен жабылды. Әкімдік қызметкерлері қауіпсіздік үшін ғимараттың бүлінбеген бөлігіне көшірілген. Қазір қабырғасы қирап жатқан қанатында ешкім жұмыс істемейді. «Қабырғалар қозғалып тұрған сияқты. Түнде әсіресе қатты естіледі. Сықырлап, бірдеңе үзіліп жатқандай дыбыстар шығады. Өзім ғимараттың құламайтын…
Қазақстанда 15 наурыз жаңа мемлекеттік мереке Конституция күні ретінде бекітілуі ықтимал. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жаңа Конституция жобасы бойынша өтетін референдумға қатысты осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әшімбаевтың айтуынша, мұның бәрі халықтың таңдауына байланысты болмақ. «Азаматтарымыздың өз еркімен дауыс беруге толық құқығы бар. Референдумның негізгі мақсаты халық пікірін білу. Егер азаматтарымыз жаңа Конституция жобасын қолдаса, онда елімізде жаңа Конституция қабылданып, 15 наурыз Конституция күні ретінде белгіленеді», – деді Сенат спикері журналистерге берген сұхбатында. Айта кетсек, қазір Қазақстанда Конституция күні 30 тамызда атап өтіледі және ресми демалыс күні саналады. Бірақ жаңа Конституция қабылданса, мереке күнінің ауысуы ғажап емес. Наурыз айы…
Барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы басталды. Биылғы Рамазан айы 19 ақпаннан басталып, 20 наурызға дейін жалғасады деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ай аяқталған соң мұсылмандар Ораза айт мерекесін қарсы алады. Әр өңірдегі ауыз бекіту (сәресі) және ауыз ашу (ифтар) уақыттарының нақты кестесі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) ресми сайттары мен әлеуметтік желілерінде алдын ала жарияланады. Медициналық ұсыныстар: келесі ережені есе ұстаңыз Күні бойы тамақ пен сусыз жүру ағзаға үлкен сынақ. Сондықтан дәрігерлер Рамазан айында денсаулыққа зиян келтірмеу үшін бірнеше ережені сақтауды ұсынады: Сәресі (таңғы ас): мамандар таңғы асқа күрделі көмірсулар (ботқалар, тұтас дәнді нан) және ақуызға бай тағамдарды (жұмыртқа, сүзбе) пайдалануды…
Президент Тоқаев Уашиңтонда өткен «Бейбітшілік кеңесінің» алғашқы отырысында Доналд Трамп атындағы арнайы сыйлық тағайындауды ұсынды деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Президент Трамптың бейбітшілік саласындағы ерекше еңбегі мен халықаралық бастамаларын ескере отырып, Бейбітшілік кеңесінің арнайы сыйлығын оның есімімен атауды ұсынамын. Бұл сыйлық оның әлемдік деңгейдегі келісім орнату жолындағы батыл қадамдарын айрықша атап өтеді», – деді Тоқаев. Қазақстан басшысы кеңестің күн тәртібі ауқымды әрі жаһандық сипатта екенін атап өтті. Сондықтан Қазақстан ұйымға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Оның ішінде түрлі деңгейдегі кездесулер мен шараларды ұйымдастыру мәселелері де бар. Тоқаев өз сөзінде Бейбітшілік кеңесін әлемдегі қазіргі жағдайға нақты жауап беретін, бұрын-соңды болмаған халықаралық құрылым деп бағалады.…
Тұрғындардың шағымынан кейін танымал әнші Ерболат Құдайберген наркологиялық орталыққа емделуге жіберілді деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Бұған дейін желіде Алматыдағы наркологиялық орталықтың алдында тұрған Ерболат Құдайбергенге ұқсайтын адамның видеосы тараған болатын. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, әншінің үстінен көпқабатты үй тұрғындарынан шағым түскен. Олар оның қоғамдық тәртіпті бұзып, агрессивті мінез көрсеткенін айтқан. «Оқиға орнына учаскелік инспектор бірден барған. Шағым расталды: азаматтың жағдайы нашар екені байқалды, айналасындағы адамдардың мазасын алып, өзін агрессивті ұстаған», – делінген полиция хабарламасында. Ұсталғаннан кейін әншіні дәрігерлер тексеріп, наркологиялық мекемеде 15 күн емделуі қажет деген шешім шығарды. Сонымен қатар, Ерболат Құдайберген әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған тыныштықты бұзу, тіркеусіз тұру және…










