Саясаткері Ғани Қасымов ақын, философ әрі гуманист Олжас Сүлейменовті Нобельдің Бейбітшілік сыйлығына ұсынылғанын мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Ғани Қасымовтың айтуынша, еліміздегі қоғамдық ұйымдар тарапынан осындай бастама көтерілген. Олжас Сүлейменовтың есімі әлемдік деңгейдегі сыйлыққа ұсынылуы қазақ қоғамы үшін ерекше жаңалық. Себебі Олжас Омарұлының тек әдебиет пен мәдениет саласына емес, жалпы адамзатқа, әлемдік өркениетке сіңірген еңбегі зор. Сондықтан бұл ұсыныс елімізде ғана емес, халықаралық деңгейде де қолдау табады деп сенеді Ғани Қасымов.
Олжас Сүлейменовті Нобель сыйлығына ұсыну бастамасы бүгін ғана көтеріліп отырған жоқ. Қазақ зиялы қауымы оның кандидатурасын осы атақты сыйлыққа бірнеше рет ұсынып көрген еді. Алайда ел тізгінін Нұрсұлтан Назарбаев ұстап тұрған кезде Олжас Сүлейменовке әлемдік деңгейдегі бұл беделді сыйлыққа есік ашылмады. Көпшілік қауым мұның астарында сол кездегі саяси себептердің болғанын жиі айтатын.
Шынында да, Олжас Сүлейменовтің әлем алдындағы беделі жоғары болса да, Назарбаев билігінің тұсында ақынның бұл сыйлыққа ұсынылу мәселесі әрдайым аяқсыз қалатын. Сарапшылар мен зиялы қауым өкілдері сол кезеңдегі биліктің саяси ұстанымы мен оның жеке тұлғаларға деген көзқарасы ақынның халықаралық деңгейде мойындалуына тосқауыл болғанын айтады.
Алайда Назарбаев биліктен кеткен соң, Сүлейменов үшін халықаралық алаңға шығудың жаңа мүмкіндігі туғандай болды. Бұған дәлел ретінде бүгінгі қоғамдық ұйымдардың ұсынысын айтуға болады.
Олжас Сүлейменов ядролық қаруға қарсы «Невада-Семей» қозғалысының негізін қалаған, бейбітшілік үшін күрестің символына айналған тұлға. 1980–1990 жылдары Сүлейменовтің есімі әлемдік саясат сахнасында гуманизм мен бейбітшіліктің жаршысы ретінде жиі аталды. Оның «АЗиЯ», «Жер, адамға тағзым» кітаптары мен басқа да еңбектері адамзат өркениетінің ортақ игілігі ретінде бағаланды.
Енді, қазақ қоғамы Олжас Сүлейменовке халықаралық деңгейде лайықты құрмет көрсетудің уақыты келді деп санағандай. Нобель сыйлығының тарихында әдебиетшілер мен философтардың бейбітшілік номинациясына ұсынылып, лауреат атанған мысалдары аз емес. Бұл тұрғыда Олжас Сүлейменовтің еңбектері әлемдік бейбітшілік пен ынтымақтастықты насихаттайтын қуатты гуманистік идеяларға толы екенін ерекше атап өту керек.
Егер Олжас Сүлейменов Нобель сыйлығына лайықты деп танылса, бұл тек оның жеке басының ғана емес, бүкіл қазақ халқының рухани жеңісі болар еді. Әзірге бұл ұсыныстың қандай нәтиже беретінін уақыт көрсетеді. Дегенмен қазақ қоғамы әлемдік аренада ұлтының мақтанышы саналатын тұлғаның еңбегі әділ бағаланады деп үміттенеді.
Болат Әбілов сайтымызға «Жұрт көкейінде Алтынбектің бейнесі батыл да парасатты саясаткер ретінде сақталып қалды. Ол елдегі өзгерісті бейбіт жолмен іске асыруды армандады» деп әріптесі жайындағы естелігімен бөлісті.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

