Қайрат Нұртасқа сот үкімі шықты, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Әнші 15 тәулікке қамауға алынды.
«Қаулы етемін: тараптардың татуласуы туралы келісім бекітілсін. Қайрат Нұртасұлы Айдарбековке қатысты ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-1-бөлігімен («Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру») іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылсын.
МЫНАНЫ ДА ОҚИ КЕТІҢІЗСайлауалды бағдарлама, 78 кандидат және жаңарған Саяси кеңес: ҚХП-ның XXV съезінің қорытындыларыЕл ішінде тұрақтылықты сақтау үшін – Президенттің қайта сайлауға түсу құқығы туралы сарапшының пікіріҮкімет мектеп бизнесінің шүмегін бұрай бастады: кімдер қаржыдан қағылады?Қайрат Нұртасұлы Айдарбеков ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынсын», — деді судья.
Ол қамауға алу мерзімі 4 шілдеден бастап сағат 23:50-де есептелетінін айтты. Әнші жазасын Шымкент қалалық әкімшілік полиция басқармасында өтейтін болды.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Тараптар апелляцияға бере алады.
Еске салайық, Қайрат Нұртас ұшақта төбелес шығарғаны үшін қылмыстық іс фигуранты болған еді.
Әнші қамауға алынып, іс материалдары сотқа жіберілді. Әншінің өзі жәбірленуші екенін мәлімдеген болатын.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







