Елордада «Тең мүмкіндіктер» инклюзивті спорт фестивалі өтті. Жиынға Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев қатысып, балалар мен жаттықтырушыларға қолдау білдірді.
Қоғам
Қазақстан қоғамындағы өзекті мәселелер, әлеуметтік өмірдің маңызды оқиғалары мен халықты толғандырған тақырыптарға терең сараптама осы айдарда.
Британ ханзадасы Уильям BBC эфирінде Қазақстанның ақбөкендер популяциясын қалпына келтірудегі жетістігін жоғары бағалап, Үкімет пен экологтар еңбегін атап өтті.
Қазақстанда магистратура мен докторантураға түсу емтихандарына өтініш қабылдау басталды. Құжаттар 10 қарашаға дейін қабылданады.
Алматыда Терренкурдан Медеуге дейінгі серуендеу жолын салып жатқан мердігер құрылыс қоқысын ағаш түбіне көмген. Алайда қалалық әкімдік заң бұзған компанияға тек ескерту жасаумен шектелді.
Бейруттегі мейрамханада 13 долларға сатылған сэндвич елде үлкен дау тудырды. Қарапайым тағамның қымбат бағасы Ливандағы экономикалық дағдарыс пен терең әлеуметтік алшақтықтың басты белгісіне айналды.
Шалқар станциясында жанармай құю кезінде жарылыстан ауыр күйік шалған теміржолшы Жұбандық Дүйсембаев ауруханада қайтыс болды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Павлодардағы жеке стоматологияда ем қабылдаған үш жасар бүлдіршін есін жия алмай, терең комаға түсті. Оқиғадан кейін жүрегі екі рет тоқтаған бала жансақтау бөлімінде өмір үшін күресуде.
Шетелде «Болашақ» бағдарламасымен оқитын қазақстандық студенттер желіде флешмоб бастап, ел тұрғындарын Республика күнімен құттықтады.
Жалғас Ертай «Самұрық-Қазына» ұлттық қорының сатып алу ережелерінде мемлекеттік тіл талаптарын бұзып отырғанын айтып, Бас прокуратураға арыз түсірді.
Астана тұрғыны eGov қосымшасында өзі ешқашан бармаған гинеколог қабылдауы мен жүктілік скринингтері тіркелгенін анықтап, желіде үлкен дау тудырды.










